Байқаудың қорытындысы
2022 жылдың 13 қазанында сағат 12.00-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК-да оқытушылар мен концертмейстерлердің бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.
Комиссия ұсынылған құжаттарды зерттеп, қоса атқару бойынша баян сыныбының оқытушысы лауазымына үміткер Тарас Сергеевич Мызинның кандидатурасын қарады.
2022 ж. қазандағы бірауыздан қабылданған шешім бойынша Т.С. Мызин конкурстан өткен болып саналды және өтініш білдірген лауазымға тағайындауға ұсынылды.
2022 ж. 01.10. және 2022 ж. 13.10. аралығы кезеңде қалған бос жұмыс орындарына өтініш болмағандықтан олардың мерзімін ұзарту туралы және мектеп сайтында және enbek.kz. бағдарламасында бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы хабарландыру қалдыру туралы шешім қабылданды.
Конкурстық комиссияның келесі отырысы 2022 ж. 30.10. сағат 12.00-ге тағайындалды