Ұлы Отан соғысының барлық майдандарында зеңбірек атып тұрғанда, Қостанай қ., майданнан алыс жерде, кішкентай бөлмеде музыкалық мектеп ашылды.
Бұл мектепті 1942 ж. тамыз айында өзінің беделі, энергиясы мен табандылығының арқасында Украинадан көшіп келген Харьков консерваториясының доценті, музыкатанушы Вольф Израилевич Хинчук ашты. Ең бірінші директоры де ол болды.
Біздің қала үшін маңызды және пайдалы бастаманы сонау қиын жылдары Киев, Одесса, Харьков, Мәскеу қалаларынан көшіп келген зиялылар Е.М. Соболева, В.П. Бобковская, И.Г. Некрасова, Д.И. Полулях, В.И.Речной, Л.А. Шульц-Найденова қолдады. Бұл үшін оларға үлкен рахмет айтамыз. Қостанай қ. музыкалық мектебі Қазақстан Республикасындағы ең көне мектеп.
Бірінші жылдары фортепиано және скрипка сыныптары жұмыс істеді.
1945 ж. Николай Витальевич Малышевтің жұмысқа қабылдануына байланысты баян сыныбы ашылды.
Варвара Павловна Бобковскаяның (Одесса қ. опера және балет театрының концертмейстері) және Лидия Андреевна Шульц-Найдёнованың жұмысқа қабылдануымен фортепиано сыныбы кеңейтілді.
1950 жылы баян сыныбы бойынша оқытушы болып, осы мектептің түлегі Иван Яковлевич Бочкарев жұмысқа қабылданды, одан кейін Михаил Сергеевич Ярошенко және Владимир Васильевич Долбилов.
10 жылдықтың аяғында мектепте 100-ге жуық оқушы білім алып жатты.
1953 жылы Алматы консеваториясының түлегі Тілеубай Оразбекович Оразбеков жұмысқа қабылданды, ол мектепте домбыра сыныбын ашып, №1 мектеп-интернат негізінде домбырашылар ансамблін құрды. 1954 ж. 01 шілде айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды.
Сол 1953 жылы Қостанай қ. келген Дмитрий Иванович Полулях жоғары сынып оқушыларының хорын ұйымдастырды. Мектепте 150 оқушы білім алды.
Бұндай қиын мерзімде мектеп директорлары болып Елена Михайловна Соболева және Тілеубай Оразбекович Оразбеков жұмыс істеді.
1956 жылы мектеп Советская көшесінен Таран 107 көшесіне көшті, бұнда мектеп 20 жыл бойы, 1976 жылға дейін жұмыс істеді.
1962 ж. «тынның мәдени майданы» бүкілодақтық бөлу бойынша Қостанай қаласына Житомир қ. музыкалық училищесінің түлектері келді. Олардың ішінде А.В. Заика, А.В. Заруба, Могилевский музыкалық училищесінің түлегі Э.В. Качалова, бір жылдан кейін Н.М. Заруба, ал 1966 жылы С.А. Заберезников келді. Жас мамандардың Украина мен Белоруссиядан келуі біздің қаланың музыкалық білімінің дамуына орасан үлес қосты. Бұл мерзім ішінде қалада музыкалық білімге деген қызығушылық күрт өсті, 1965 жылы оқушылар саны 700-ден асты. Тағы бір музыкалық мектеп ашу туралы мәселе туындады, бұл арман да орындалды. 1966 жылы №2 музыкалық мектеп ашылды, бұл мектеп Гоголя 70 көшесіндегі ғимаратта орналасты. Мектепті Виктор Иванович Попов басқарды. 1967 жылы №2 музыкалық мектеп негізінде кешкі бөлім құрылды, бұл бөлімнің ашылуына Дмитрий Иванович Полулях өз септігін тигізді. Ол қала жетекшілерін осындай қажеттіліктің бар екенін көндіре білді.
1968 жылдың тамыз айынан бастап №2 БММ директоры болып А.В. Заика тағайындалды.
1976 жылы Қостанай қ. №3 Балалар музыкалық мектебі ашылды.
Мектептің құрылысын іске асыру мен жабдықтауын бақылау ол кездегі №2 БММ директоры болып жұмыс істеген А.В. Заикаға жүктеледі. Құрылыс бітуімен жаңа типтік ғимаратқа №2 БММ оқытушылар ұжымы мен оқушылары көшеді.
№1 Музыкалық мектеп екі тәуелсіз мектепке бөлінеді, бұл мектептерді В.С. Носкова (№1 БММ) және Э.В. Качалова (№2 БММ) басқарды.
18 жыл бойы мектепті басқарған В.С. Носкованың зейнеткерлік демалысқа кетуіне байланысты №1 БММ директоры болып В.Н. Фисенко тағайындалды. Бұл кезде қаланың музыкалық мектептерінде шамамен 1400 оқушы білім алып жатты.
Кейінгі жылдары мектеп белсенді алға басты. Педагогикалық кадрлардың шеберлігі артты. Шығармашылық ұжымдар өз жұмысын жетілдірді (хор, орыс халық аспаптар оркестрі, скрипкашылар ансамблі). Үрмелі оркестр құрылды.
Республикалық жас музыканттар конкурсында бірінші жеңістер пайда болды. Бәрінен бұрын жеңіске жеткен үрмелі аспаптар сыныбының оқушыларыя6 Сергей Стратило, Евгений Шейнфельд, Сергей Алютин (оқытушысы В.П. Безгинов) болды. Одан кейін пианинода ойнаушылар - Вячеслав Реш және Евгения Симонова (оқытушысы Л.С. Воронина).
Дайындық тобы өз жұмысын жалғастыра берді. Бірінші оқытушысы болып, мектеп оқу бөлімінің меңгерушісі лауазымында 25 жыл бойы қызмет істеген, шығармашылық ұжымның құрылуына үлкен үлес қосқан Людмила Павловна Черепенко болды.
№2 Балалар музыкалық мектебі жанында Елена Борисовна Фисенко жетекшілік еткен, музыкалық театр жұмыс істеді.
№3 Музыкалық мектебінде музыкаға әуесқойлар клубы құрылды, клубтың құрылуы мен жұмысына Елена Гекторовна Резчикова және Татьяна Николаевна Иващенко белсенді қатысты.
Өкінішке орай, қайта құрудың қиын жылдары, қаржыландыру мәселесіне байланысты бұл бағдарламалар қысқартылды. Осы себептерге де байланысты қаланың музыкалық мектептері бірнеше қайта ұйымдастыруды басынан кешірді.
1997 ж. №1 БММ №2 БММ біріктірілді, ал содан кейін 1998 жылы Қостанай қ. мамандандырылған музыкалық мектебіне қосылды, бұл мектеп 2011 жылы «Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімінің №1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК қайта ұйымдастырылды.