«Соғыстан туған, мектеп»

 

Ұлы Отан соғысының барлық майдандарында зеңбірек атып тұрғанда, Қостанай қ., майданнан алыс жерде, кішкентай бөлмеде музыкалық мектеп ашылды.

Бұл мектепті 1942 ж. тамыз айында өзінің беделі, энергиясы мен табандылығының арқасында Украинадан көшіп келген Харьков консерваториясының доценті, музыкатанушы  Вольф Израилевич Хинчук ашты. Ең бірінші директоры де ол болды.

Біздің қала үшін маңызды және пайдалы бастаманы сонау қиын жылдары Киев, Одесса, Харьков, Мәскеу қалаларынан көшіп келген зиялылар Е.М. Соболева, В.П. Бобковская, И.Г. Некрасова, Д.И. Полулях, В.И.Речной, Л.А. Шульц-Найденова қолдады. Бұл үшін оларға үлкен рахмет айтамыз. Қостанай қ. музыкалық мектебі Қазақстан Республикасындағы ең көне мектеп.  

 

            Приказ № 1

 

 

 

Приказ № 4

 

 

Приказ № 5

 

 

Приказ № 23

 

 

                                       

Приказ №1

 

 С 1 августа с/г вступил в исполнение обязанностей директора Музыкальной школы с окладом 600 р. В месяц.

Основание: Приказ №16 от 1 августа 1942г

Отдела искусств Облисполкома.

Директор (подпись)

 

Приказ №4

 

Секретарю – бухгалтеру школы т. Яковлевой доверяю подписывать банковские чеки и другие официальные документы, а также карточки на хлеб и другое продовольствие для сотрудников школы.

Директор (подпись)

 

Приказ №5

 

Секретаря - бухгалтера т. Яковлеву с сего числа считать в командировке по отправке подарков для бойцов Краской Армии на фронт с делегацией.

На время отъезда т. Яковлевой зачислить на должность секретаря Хинчук Р.М. и поручить ей ведение дел по получению продовольственных карточек для сотрудников школы.

Директор (подпись)

                               

 

Приказ № 23

 

По музыкальной школе от 4 мая 1945г.

С 1 мая с.г. плату за  уч-ся взымать в размере 50 рублей в месяц и допустить 10 бесплатных уч–ся из детей фронтовиков инвалидов или погибших на отечественной войне с санкции облисполкома.

Директор (подпись)

 

Бірінші жылдары фортепиано және скрипка сыныптары жұмыс істеді.

1945 ж. Николай Витальевич Малышевтің  жұмысқа қабылдануына байланысты баян сыныбы ашылды. 

 

Мальчик с баяном.

 

 

Н.В. Малышев

 

 

 

Варвара Павловна Бобковскаяның (Одесса қ. опера және балет театрының концертмейстері) және Лидия Андреевна Шульц-Найдёнованың жұмысқа қабылдануымен фортепиано сыныбы кеңейтілді.  

 

I съезд Композиторов Казахстана на котором представителем от  г.Костаная была Бобковская В.П. (средний ряд 9-я слева).

 

 

Фото класса Бобковской В.П.

 

 

Кішкентай Людмила Воронинаның фотосы, В.П. Бобковскаяның оқушысы, ол болашақта Қостанай қ. музыкалық мектебіндегі фортепиано бөлімінің  жетекші оқытушыларының бірі болды.  

 

 

Бобковская В.П. на уроке сольфеджио или музыкальной литературы.

 

 

 

1950 жылы баян сыныбы бойынша оқытушы болып, осы мектептің түлегі Иван Яковлевич Бочкарев жұмысқа қабылданды, одан кейін  Михаил Сергеевич Ярошенко және Владимир Васильевич Долбилов.

 

Общая фотография, среди которых Долбилов В.В, Ярошенко М.С.будущие преподаватели школы.

 

 

Фото Бочкарёва и Буланова, будущих учителей муз. школы,  за столом на уроке сольфеджио. 

 

 

 

10 жылдықтың аяғында мектепте 100-ге жуық оқушы  білім алып жатты.

1953 жылы Алматы консеваториясының түлегі Тілеубай Оразбекович Оразбеков жұмысқа қабылданды, ол мектепте домбыра сыныбын ашып, №1 мектеп-интернат негізінде домбырашылар ансамблін құрды. 1954 ж. 01 шілде айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды.

 

Фото ансамбля домбристов школы-интерната № 1.

 

 

Сол 1953 жылы Қостанай қ. келген Дмитрий Иванович Полулях жоғары сынып оқушыларының хорын ұйымдастырды. Мектепте 150 оқушы білім алды.

Бұндай қиын мерзімде мектеп директорлары болып Елена Михайловна Соболева және Тілеубай Оразбекович Оразбеков жұмыс істеді.

 

Фото Соболевой Е.М.

 

 

Фото Оразбекова Т.О.

 

 

1956 жылы мектеп Советская көшесінен Таран 107 көшесіне көшті, бұнда мектеп 20 жыл бойы, 1976 жылға дейін жұмыс істеді. 

 

Фотография педагогов 1958 год.

 

 

1962 ж. «тынның мәдени майданы» бүкілодақтық бөлу бойынша Қостанай қаласына Житомир қ. музыкалық училищесінің түлектері келді.  Олардың ішінде А.В. Заика, А.В. Заруба, Могилевский музыкалық училищесінің түлегі Э.В. Качалова, бір жылдан кейін Н.М. Заруба,  ал 1966 жылы С.А. Заберезников келді. Жас мамандардың Украина мен Белоруссиядан келуі біздің қаланың музыкалық білімінің дамуына орасан үлес қосты. Бұл мерзім ішінде қалада музыкалық білімге деген қызығушылық күрт өсті, 1965 жылы оқушылар саны 700-ден асты. Тағы бір музыкалық мектеп ашу туралы мәселе туындады, бұл арман да орындалды. 1966 жылы №2 музыкалық мектеп ашылды, бұл мектеп Гоголя 70 көшесіндегі ғимаратта орналасты. Мектепті Виктор Иванович Попов басқарды. 1967 жылы №2 музыкалық мектеп негізінде кешкі бөлім құрылды, бұл бөлімнің ашылуына Дмитрий Иванович Полулях өз септігін тигізді. Ол қала жетекшілерін осындай қажеттіліктің бар екенін көндіре білді.

1968 жылдың тамыз айынан бастап №2 БММ директоры болып А.В. Заика тағайындалды.

1972 жылы қаланың жұртшылығы біздің қалада музыкалық мектептің құрылғанына 30 жылдығын атап өтті. 40 жылдық мерейтой 1982 жылы болды, бұл мерейтой Қостанай Пионерлер мен оқушылар сарайында өтті.

Мектептің жартығасырлық мерейтойы 1992 жылы Қостанай қ. 26-ншы жас музыканттар конкурсын өткізгенде болды, Қостанай облыстық атқару комитетінің залында өтті.  Мерекенің қонақтары республикалық конкурсқа келген, біздің республикамыздың барлық облыстарының өкілдері болды.

           

Фотографии с юбилейных концертов!!!