Жас музыканттардың «ВЕСЕННИЕ ТРЕЛИ» І мектептік қашықтық фестивалін өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
Барлық музыканы ұнатушыларды, өзінің талантын көрсеткісі келетін тәрбиеленушілерді Жас музыканттардың «Весенние трели» І мектептік қашықтық фестиваліне қатысуға шақырамыз
ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ: қашықтан оқыту кезеңі
ӨТКІЗУ ОРНЫ: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК.
ҚАТЫСУШЫЛАР: Қостанай қ. №1 музыка мектебінің оқушылары.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:
- Оқушылардың музыка сабақтарына деген ынтасын арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
- Музыка өнеріне қолдау көрсету және дамыту;
- Жас музыканттардың шығармашылығын насихаттау;
- Оқушылардың музыкалық дарынын дамыту, олардың шығармашылығын ынталандыру;
- Азаматтық дүниетанымды қалыптастырудың негізі болып табылатын отандық және әлемдік өнерге, рухани мәдениетке деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
- Орындаушылық шеберлік деңгейін жетілдіру.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС САНАТТАРЫ:
- Музыка мектебінің барлық жастағы оқушылары.
Бейнематериалдарды іріктеуге қойылатын ТАЛАПТАР:
- Музыкалық аспапты игеру деңгейі;
- Интонацияның тазалығы және дыбысталудың сапасы;
- Музыкалығы, шығарманы орындау кезіндегі көңіл күйі;
- Орындалатын шығарманың көркемдік құндылығы.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
- Қатысушының таңдауы бойынша ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бір шығарма;
- Өтінімдер мен бейнематериалдар қашықтан оқыту кезеңінде мамандық бойынша педагогтардан қабылданады.
Жас музыканттардың «Весенние трели»
І мектептік қашықтық фестиваліне қатысу үшін
ӨТІНІМ
Оқушының аты-жөні |
|
Сыныбы |
|
Музыкалық аспабы |
|
Мамандық бойынша оқытушысы |
|
Шығарма авторы |
|
Шығарма атауы |
|
БЕЙНЕЖАЗБАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
- Бейнежазба көпшілікке белгілі кез келген ойнату нысанында (құралында) қабылданады;
- Сыртқы микрофонды пайдалануға рұқсат етіледі (аудио-сигналды өңдеусіз);
- Бейнетүсірілім шығарма орындалып болғанша бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай жүргізілген болуы тиіс;
- Бағдарламаны орындау кезінде орындаушының қолдары мен жүзі кадрда болуы керек.
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР:
- Фестивальға бірнеше рет қатысуға болады;
- Музыкалық материалды іріктеуді құрамына бөлім меңгерушілері мен музыка мектебінің әкімшілігі кіретін фестивальдың ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;
- Байқаудың ұйымдастыру комитеті фестиваль кезінде алынған бейнематериалдарды жариялауға және келешекте пайдалануға, фестивальдың бейнежазбаларын көрсетуге және оларды радиодан, теледидардан, БАҚ-нан, интернеттен беруге құқылы;
- Ұйымдастыру комитетінің байқауға қатысу туралы өтінім мен бейнежазбаларды алуы қатысушының фестивальдың барлық шарттарымен келісуі ретінде қарастырылады.
МАРАПАТТАУ:
- Фестивальға жіберген әр шығармасы үшін оқушы ұйымдастыру комитетінің Алғыс хатын және қосымша мамандығы бойынша «үздік» деген баға алады;
- Фестивальға жіберген үш және одан көп шығармасы үшін оқушы автоматты түрде «үздік» деген баға алады және қорытынды академиялық тыңдаудан босатылады.
Жас музыканттардың «ВЕСЕННИЕ ТРЕЛИ» І мектептік қашықтық фестивалін өткізу туралы ЕРЕЖЕ