2017 жылдың мамырында Қостанай қ. №1 балалар музыка мектебі – Қазақстандағы осындай ұйымдардың ішінде көш басында келе жатқан, бай тарихы мен дәстүрі, тамаша педагогтары мен «жұлдызды» түлектері бар еліміздегі көне оқу орындарының бірі өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтті.
Мектеп қазіргі кездің талаптарына толық жауап береді, мемлекеттің балалар мен жасөспірімдердің музыкалық білімі мен рухани дамуына қатысты тапсырысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін кәсіби жоғары әлеуетке ие.
№1 Балалар музыка мектебінің қазіргі кездегі жұмысы
параметрлері |
сипаттамасы |
Мамандықтар саны бойынша |
15 мамандық бойынша білім беретін Балалар музыкалық мектебі |
Оқу бағдарламасының күрделілігі бойынша |
Бастауыш музыкалық білімнің оқу бағдарламасы |
Автономиялық деңгейі бойынша |
Қосымша білімнің автономиялық білім беру мекемесі |
Білім беру қызметінің түрі бойынша |
Ақылы білім беру қызметі |
Сыныптарды толықтыру әдісі бойынша |
Мектепті толықтыру музыкалық қабілетінің деңгейін ескере отырып конкурстық негізде жүргізіледі |
Бітірушілерге бақылау жасау нысаны бойынша |
Мамандықтары бойынша қорытынды аттестация өткізу |
Білім беруді ұйымдастыру тәртібі бойынша |
Күндізгі, сырттай білім беру |
Білім беру желісіне қосылу деңгейі бойынша |
Қосымша білім берудің республикалық желісіне қосылған. Қала желісінде оқушыларға музыкалық білім беретін жалғыз орталық болып табылады. |
- №1 БММ – бұл облыс орталығындағы жеке тұлғаның музыкалық және шығармашылық мәдениетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдай жасалған және музыкалық қабілеті бар балаларға қолдау көрсететін жалғыз музыкалық білім мекемесі.
- №1 БММ – мәдени жетістіктердің рухани мұрасын жаңа ұрпақтарға жеткізу процесін қамтамасыз ететін және еліміздің мәдениет саласындағы элитасын қалыптастыратын, жастардың жалпы рухани дүниесін байытатын, білімдері мен тәрбиелік деңгейін көтеретін облыс пен республиканың мәдени ортасының маңызды бөлігі.
- №1 БММ – облыстың музыкалық мектептері мұғалімдерінің әдістемелік орталығы.
- №1 БММ – жас музыканттардың қалалық және облыстық байқауларын өткізетін орын.
№1 БММ Мектеп жарғысына сәйкес Қостанай қ. білім беру кеңістігінде мемлекеттің бастауыш музыкалық білім саласындағы саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Білім беру жұмысы мектеп оқушыларының музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, олардың музыкалық қабілетін дамыту, көркемдік-шығармашылық санасын және музыкалық жұмыс саласындағы орындаушылық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
БММ жұмысының ғылыми негізділігін және оның дамуын қамтамасыз ету үшін мектептің, оның ұжымының, педагогикалық процестің динамикалық және үдемелі дамуын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ететін нормативтік актілер кешені: Мектеп жарғысы, Даму бағдарламасы, Білім берудің жұмыс жоспары, Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы, Білім берудің мамандануы және оқу жылдары бойынша музыкалық білімнің оқу бағдарламасы жасалды.
Музыка мектебінің педагогикалық жұмысының сапалық көрсеткіштерінің бірі – педагогикалық ұжымның тұрақтылығы, жоғары кәсіби дайындығы, шығармашылық бастамашылдығы және педагогикалық шеберлікті үздіксіз жетілдіріп отыруы. Мектептің педагогикалық құрамы – бұл жоғары білікті оқытушылардың – аспапшылардың, музыкалық-теориялық пәндер, хор және оркестр сыныбы оқытушыларының ұжымы. 81 педагогтың жартысынан көбі оның бұрынғы түлектері, мұғалімдердің 79% жоғары білімді, 62 % жоғары және бірінші санатты біліктілікке ие, педагогикалық қызметкерлердің 90% – 10 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі оқытушылар. Бәрінің кәсіби білімі бар.
Мектепті 47 жыл басқарған А.В.Заика ұжымның мақтанышы болып табылады, ол Музыка мектептері мен өнер мектептері директорларының республикалық үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары, «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы» медальдарымен марапатталған. 2015 ж. А.В.Заикаға «Қостанай қ. құрметті азаматы» атағы берілді.
БММ сондай-ақ Қазақстанға танымал музыкант, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері А.В.Заруба еңбек етеді. Мектептің жеті оқытушысы: А.В.Заика, Г.М.Гольдорф, С.А.Заберезников, А.В.Заруба, А.Л.Игошин, С.В.Семенова, Е.П.Тулупова Қазақ КСР немесе Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Жиырма алты педагог ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталған. Көптеген педагогтардың еңбегі Қостанай облысы білім басқармасының және облыстық Кәсіподақ комитетінің, Қостанай қ. әкімінің және қалалық Білім басқармасының грамоталарымен аталып өтілді. Мектептің 6 педагогы «Қазына» сыйлығының иегері болды, 3 оқытушы Қостанай облыстық меценаттар клубының арнайы сыйлығымен марапатталды.
Педагогтардың жалпы саны |
Білімі бойынша |
Санаты бойынша |
Педагогикалық өтілі (жыл) |
||||||||
жоғары |
а / орта |
орта |
жоғары |
бірінші |
екінші |
санатсыз |
1-3 |
4-10 |
11-20 |
20 жоғары |
|
81 |
79 |
21 |
- |
36 |
31 |
22 |
11 |
4 |
7 |
14 |
75 |
Ұжымда шығармашылық және инновациялық алаң жасау үшін барлық жағдай жасалған. Әкімшіліктің іс-әрекеті мектеп ұжымының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін оларды иландыруға және қажетті жағдай жасауға бағытталған.
Педагогикалық кадрлардың әдістемелік жұмыстарының жүйесі мектепті басқару жүйесінде маңызды орынға ие, ең алдымен ол педагогтың жеке белсенділігінің артуына, оның шығармашылық жұмысының дамуына көмектеседі. Оның барлық түрлері оқытушылардың біліктілігі мен шеберлігін арттыруға бағытталған. Әдістемелік жұмыс мазмұнының оқытушылар жұмысының нәтижесімен үнемі байланысты болуы олардың әрқайсының кәсіби шеберлігін жетілдірудің үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, әдістемелік жұмыс үнемі бір адым алдыда жүріп отыратын сипатқа ие және ол педагогикадағы, психологиядағы, өнердегі және мәдениеттегі жаңа жетістіктерге сәйкес оқушылармен жүргізілетін барлық жұмыстың дамуына және жетілдірілуіне жауап береді.
Соңғы 3 жыл көлемінде мектепте БММ жұмысының стратегиялық мақсатына қол жеткізу және «БММ дарынды балалары» кешенді-мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар жалғасын тауып келеді.
Мектептің негізгі басымдылық берілген бағыттары оқытушылардың оқушыларға музыкалық білім берудің жаңа технологиялары мен әдістерін игеру бойынша инновациялық белсенділігін арттырумен байланысты болды. Мектеп мекеме әкімшілігінің музыкалық білімнің сапасын басқару саласындағы саясатының мақсатқа сәйкестілігін және бірізділігін көрсететін біршама жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Тек 2014-2017 жылдар ішінде мектеп педагогтары біліктілікті көтерудің 87 курсына қатысты, олардың көпшілігі осы кезеңде аталған курстарға екі және одан да көп мәрте қатысты. Мұндай шаралар негізінен Қазақстан мен Ресейдің музыкалық жоғары оқу орындарының белсенді ынтымақтастығы, тар шеңберлі кәсіби мамандыққа бағытталған, көбінесе практикалық (шеберлік сыныптары) тұрғыдан өткізілетін шаралар түрінде болып келуімен және ең жоғары деңгейдегі дәріскерлерді – Ресейдің (Мәскеу, Новосібір, Уфа және т.б. қалалардан), Германияның, Израилдің және т.б. ірі консерваториялары мен АОММ профессорлары мен педагогтарын шақырумен сипатталады.
Білім сапасы мен мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында мектеп әкімшілігі белгілі педагог-музыканттардың кеңес беруін ұйымдастырып отырады. Соңғы жылдары концерт беріп, шеберлік сыныптарын және семинарлар өткізу үшін мектепке Оңтүстік Орал мемлекеттік өнер институтының профессоры Л.Л.Яновская, РФ еңбек сіңірген әртісі, Оңтүстік Орал мемлекеттік өнер институтының профессоры, камералық ансамбль және концертмейстерлік дайындық кафедрасының меңгерушісі О.П.Яновский, эстон пианиношысы, халықаралық байқаулардың лауреаты С.Иоаметц, халықаралық байқаулардың лауреаты, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Шанхай консерваториясының құрметті профессоры Ю.Шишкин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ ыспалы аспаптар кафедрасының профессоры Н.Х.Каримов, ЧММӨА арнайы фортепиано кафедра меңгерушісі, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Орыс орындаушылық өнері» қорының лауреаты, профессор Е.Левитан және т.б. шақырылды.
Соңғы екі жыл көлемінде БММ Қазақ ұлттық өнер университетінің (Астана қ.) профессорлары мен оқытушыларының, ЖОО жетекші педагогтары: ыспалы аспаптар кафедрасының профессоры Н.Х.Каримовтың (альт), арнайы фортепиано кафедрасының доценті Л.В.Латышеваның, үрмелі аспаптар кафедрасының доценті Е.К.Нұрғалиевтің (флейта) және т.б. қатысуымен қалалық семинарлар өткізіліп келеді.
Шақырылған мамандар концерттер беріп, БММ оқытушыларына үздік шәкірттерімен бірге шеберлік сыныптарын өткізеді, жұмыстың қыры мен сырын түсіндіріп, практикалық ұсыныстарымен, әдістемелік және орындаушылық әдістерді жетілдірудің амалдарымен бөліседі, ұстаздардың сұрақтарына жауап береді. Өткізілген шаралар мектеп тәрбиеленушілерінің орындаушылық байқауларда жоғары нәтиже көрсетуіне басты себептердің бірі болды.
Мектептегі педагогикалық кадрлардың әдістемелік жұмысы жүйесіндегі құрылымның басымдылық берілген бағыттарына жасалған талдау олардың Қостанай қ. білім беру жүйесіндегі кадрлар саясатының негізгі бағыттарымен толық сәйкес келетінін көрсетті. Әдістемелік жұмыстың мазмұнын, түрі мен әдістерін іріктеуді жүзеге асыру балалардың музыкалық білімінің мазмұнын жаңарту бойынша жүріп жатқан процестермен байланысты. Атап айтқанда, әңгіме педагогикалық қызметкерлердің балаларға музыкалық білім берудің инновациялық әдістері мен технологияларын игеруіне және жүзеге асыруына қолдау көрсету жайында болып отыр. Бұл орайда оны жүзеге асырудың жаңа жолдары: практикалық және теориялық семинарлар, озық тәжірибе мектептері, дөңгелек үстелдер, педагогикалық жиындар, оқулар және т.б. алдыңғы орында тұр. Әдістемелік жұмыстардың тақырыптары кәсіби шеберлік саласымен қатар, педагогика мен психологияның өзекті мәселелерін де қамтып отырады.
Аталған мәселелер бойынша шынайы ақпарат алу мақсатында практикалық аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді: мектептегі психологиялық ахуалға, оқушылардың музыкалық дарынының дамуына, оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынастың стиліне диагностика жасалады, көптеген педагогтардың озық тәжірибелері қорытындыланды. Оқытушылар бөлімдер отырыстарында көптеген хабарламалар мен баяндамалар дайындады және оқыды, шығармаға орындаушылық талдаулар жасалды.
Педагогтарды Қазақстандағы және шетелдегі музыкалық білімнің инновациялық бағытымен және дамудың беталысымен, байқауға қатысушының орындаушылық деңгейімен таныстырып отыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша мұғалімдер орындаушылық байқаулар лауреаттарының өнер көрсетуіне жасалған талдаулар мен бейнематериалдарды педагогикалық кеңестер мен бөлім отырыстарында таныстырып отырады.
2014-2017 жж. кезеңінде мектеп оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары айтарлықтай артты. БММ эстетикалық цикл мұғалімдерінің қалалық ӘБ деңгейінде Озық тәжірибе мектебін өткізу дәстүрлі шараға айналды. Семинарлар аясында 41 оқытушы жұмыс тәжірибелерін баяндама және практикалық семинар түрінде ортаға салды. Сондай-ақ 27 педагог қалалық деңгейден халықаралық деңгейге дейінгі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты.
Мектеп оқытушылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі («Бастауыш мектеп», «Профессионал Казахстана», «Этнопедагогика в системе образования», «Вестник КГПИ», «Интернет-журнал ВАК КР» журналдары және т.б.) ғылыми басылымдарда 56 әдістемелік мақала жариялады. Жарияланымдарды орналастырудың қолайлылығына байланысты «Копилка уроков – сайт для учителей», Алматы қ. мұғалімдерінің сайттары, қазақстандық «Коллеги» интернет-журналы және т.б. интернет-жобалары ерекше танымдылыққа ие болып отыр.
Мектептің педагогтары өздерінің баяндамалары мен баспасөз беттерінде Қазақстанның музыкалық білім саласындағы өзекті мәселелерді көтереді, оларды шешудің жолын ұсынады, педагогикалық шеберліктің сырымен бөліседі. Бұл бағытта Г.Б.Кучикова, Е.А.Назарова, А.К.Нұржанова, М.Г.Романова, О.Г.Судакова, Д.К.Тұрлыбаева және т.б. оқытушылар ерекше белсенділік танытып келеді. Бұдан басқа, БММ мектепішілік біліктілікті көтеру жүйесі жұмыс істейді. Шеберлік сыныптары, ашық сабақтар өткізіледі. Циклдік комиссиялардың отырыстарында оқытушылар әдістемелік баяндамалар, хабарламалар жасайды. Әдістемелік жұмыстардың тақырыптары кәсіби шеберлік саласымен қатар, педагогика мен психологияның өзекті тұстарын да қамтып отырады.
Мектеп әкімшілігі білім беру процесінің дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіріліп отыруға ерекше көңіл бөледі. Осының нәтижесінде аталған педагогикалық құралдың жаңару динамикасында оң өзгерістің бары байқалады.
Оқытушылар тәжірибесін практикалық тұрғыдан жинақтаудың ақырғы нәтижесі авторлық әдістемелік жұмыс жасау болып табылады, қазіргі кезде БММ олардың саны 22 жетті. Барлық құралдар бөлімдердің отырыстары мен педагогикалық кеңестерде таныстырылды және әріптестер тарапынан мақұлданды. 2014 және 2017 жылдар аралығында 10 жұмыс «Қостанай дарыны» АҒПО және Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің сертификаттарына ие болды.
Мұның сыртында үстіміздегі оқу жылы лицензия алу жоспарланған тағы да үш педагогикалық жасалыммен жұмыс жүргізіліп жатыр.
Біліктілікті арттыру курстарынан өтудің және мектептің ақпараттық-коммуникативтік ресурстарды сатып алуының арқасында соңғы жылдары электронды оқу құралдары мен хрестоматиялар жасау артып келеді (22 құралдың 9-ы электронды нысанда шықты). Көптеген авторлық жұмыстар қалалық, облыстық және республикалық деңгейде аталып өтілді. БММ педагогтарының белсенді әдістемелік жұмысы әр түрлі кәсіби шеберлік байқауларында лайықты бағасын алды. Оқытушылар 4 жыл ішінде түрлі деңгейдегі мамандандырылған байқауларда 34 жүлделі орынды иеленді. Мысалы, 2014 ж. әдістемелік идеялардың «Методический вернисаж» республикалық байқауында Г.Б.Кучикованың «Дарынды балалар» кешенді-мақсатты бағдарламасы дипломант болды. 2015 ж. А.К.Нұржанованың әдістемелік материалдары республикалық www.orleu.kz. ғылыми-білім берушілік интернет-порталының Құрмет грамотасына және «Ұлағатты ұстаз» медаліне ие болды. Сондай-ақ 2015 ж. Г.Б.Кучикова «Қостанай қ. балалар музыка мектебі: дәстүрді сақтай отырып, қазіргіні жасаймыз, болашаққа талпынамыз Детская музыкальная школа г. Костаная: сохраняя традиции, создаем настоящее, смотрим в будущее» жасалымымен қосымша білім беру педагогтарының «Педагогикалық өнер» халықаралық байқауында (Уфа қ.) ІІ орынды иеленді. Добавить новые данные. Жыл сайын көптеген педагогтар қалалық «Аттестациядан өтетін педагогтар фестивалі» үздік электронды портфолио байқауының жүлдегерлері болып жатады. 2015 ж. Е.А.Назарова Бүкілресейлік «Рассударики» шығармашылық байқауында «Педагог портфолиосы» номинациясы бойынша ІІІ орынды жеңіп алды.
Мектеп бірнеше жылдан бері оқытушылар жұмысын рейтингтік жүйе бойынша бағалау тәртібімен жұмыс істеп келеді, бұл әдіс педагогтар жұмысының тиімділігін арттыруға белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Әдістемелік жұмыстың барлық түрлері тиісті балдар санымен бағаланды, олар жыл соңында әр мұғалімнің жұмыс істеу белсенділігіне қарай жинақталады және бөлімнің барлық оқытушыларының жұмыс істеу нәтижесінің диаграммасы ретінде көрсетіледі. Кезекті қорытынды 2017 ж. маусымында болған соңғы педагогикалық кеңесте шығар
ылды. Үздік ұстаздар Грамоталармен марапатталса, кейбір оқытушыларға жұмысты ширата түсуі қажет екендігі ескертілді.
Бес жылдан бері теориялық цикл сабақтарында интерактивті тақталарды қолдану жұмысы жалғасып келеді. БММ жағдайында әр түрлі ақпараттық технологияларды қолдана отырып өткізілген, біршама жемісті болған аралас сабақтар ретінде педагогтар А.К.Нұржанованың, О.Н.Лыксованың, М.В.Сложеникинаның дүниежүзілік және қазақ музыка әдебиеттері, сольфеджио сабақтарын, дайындық тобының сабақтарын атауға болады.
БММ білім беру процесінде ІТ-технологияны қолдану сабақтың мүмкіндігін біршама кеңейтеді, оларды әр түрлі, көрнекі қыла түседі, сабақтың қарқынын арттырады, тиісінше тәрбиеленушілердің білімге деген құштарлығын күшейте түседі. Сондықтан да интерактивті тақталарды қолдана отырып өткізілетін сабақтарды көрнекі және ақпараты мол сабақ өткізуге жағдай жасайтын, ал берілетін ақпараттың мазмұнын, тереңдігі мен көлемін оқушының танымдық мүмкіндігі мен жұмыс қабілетінің деңгейіне сай, олардың зияткерлік дайындығы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке-жеке белгілеуге мүмкіндік беретін мұғалім жұмысының жаңа құралы деуге әбден болады.
Білім беру процесінде электронды музыкалық аспаптардың (синтезатордың, клавиндардың) қолданыла бастағанына көп уақыт өтпегеніне қарамастан (төртінші жыл), олар фортепиано сабақтарында, ансамбль, оркестр жұмыстарында белсенді қолданылады, мектеп концерттерінің сәніне айналды. Техникалық мүмкіндіктерінің молдығы арқасында бұл аспаптар орындаушылық сабақтардың түріне өзгерістер енгізді, қағидаға негізделген жұмысты қызықты және тартымды қылуға, пьесаларды әр түрлі дыбыстандыруға, тиісінше оқушылардың оқудың қажеттілігін түсінуіне және оқу процесінің тиімділігін арттыра түсуге мүмкіндік берді.
2016-2017 оқу жылының басындағы оқушылар саны тізім бойынша 658 адам болды. Мектепте фортепиано, хор, халық аспаптары (қазақ және орыс), оркестр (ішекті-ыспалы, үрмелі және соқпалы аспаптар) бөлімдері, сонымен қатар қала мен өңір деңгейінде концерт беру жұмыстарын белсенді жүргізетін және облысымызды республикалық және халықаралық байқауларда жоғары деңгейде танытып жүрген шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді.
Білім беру фортепиано, скрипка, виолончель, домбыра, қобыз, баян, аккордеон, гитара, балалайка, домра, флейта, гобой, саксофон, соқпалы аспаптар және хорда ән айту секілді 15 мамандық бойынша жүргізіледі. Барлық оқушылардың теориялық дайындығын педагогтары сольфеджио және музыка әдебиеті пәндерінен сабақ беретін теориялық бөлім қамтамасыз етеді. Мектеп жанынан өз шығынын өзі толық өтейтін дайындық топтары құрылған.
Соңғы жылдары тұрғындар тарапынан музыка мектебінде білім алуға деген қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады. Адамдардың материалдық жағдайының жақсара түсуіне байланысты жас ұрпақтың үйлесімді дамуының, жаңашыл, жан-жақты білімді болуының қажеттілігінен музыкалық білімнің болуы қайтадан беделді бола бастады және тұрғындар арасында кеңірек тарала түсті. Бұған 2017 жылдың қаңтарында оқушылар мен ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама куә бола алады. Сауалнамаға қатысқандар алып жатқан білім деңгейінің жоғары және сапалы екендігін көрсеткен. Мұнымен қатар, жауап бергендер мектепте қолданылатын жеке оқыту түрін қолдайтындарын білдірген және оқытудың аталған түрін таңдау дұрыс болды деп санайды. Өткізілген сауалнамаға сәйкес БММ қаладағы танымал және беделді оқу орны болып табылады және ата-аналар мен оқушылардың көпшілігінің сенімдерін ақтап отыр. Оқушылардың 60 % жуығы музыка мектебінде оқу «абыройлы» деп санаса, сұраққа жауап бергендердің 84 % аталған оқу орнын таңдағаны дұрыс болды деп санайды, сауалнамаға қатысқандардың 64 % алып жатқан білімдерінің деңгейі мен сапасының жоғары екендігін атап көрсеткен. Жалпы алғанда, соңғы жылдары халық (домбыра, гитара) және оркестр аспаптарының (скрипка, флейта) танымалдығы артып келе жатқанын айта кету керек.
БММ тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөлінеді.
Оқушылар сабақтарда музыкалық өнерді оқи отырып және түрлі елдер композиторларының, түрлі бағыттың және дәуірдің шығармаларын орындай отырып, қоршаған әлемнің алуан түрлілігін, көп қырлылығын және өзіне тән ерекшелігі бар екендігін түсіне отырып төзімділік пен түсінушіліктің негіздерін игереді, түрлі халықтардың музыкалық ерекшеліктерін, әлеуметтік қоғамда болып жататын пікірлер мен түсініктердің сан алуандығын дұрыс түсінуге және қабылдауға үйренеді. Музыкалық білімнің ерекшелігі педагогтарға композитордың өмірдегі маңызды тақырыбын және эстетикалық көзқарасын, олардың мұраттарын тану үшін шығарманың көркемдік мазмұнын бейнелер арқылы қарауға мүмкіндік береді. Мысалы, авторлардың шығармалары Абай мен Ф.Шопеннің отаншылдығы жайында, Құрманғазының, Жаяу Мұса мен Л.Бетховеннің еркіндікті сүйген рухының қайсарылығы жайында, Ғ.Жұбанова мен В.Моцарттың келешекке сеніммен қарайтыны жайында хабар беріп, ерекше тәрбиелік әсер етеді және тағы с.с.
Мектептегі музыканы ұжым болып орындау түрі жалпы музыкалық даму бойынша үлкен маңызға ие, ол музыкалық қабілеттері әр түрлі балалардың сахнада ойнауына мүмкіндік береді, олардың өз күштеріне деген сенімін арттырады, жанындағылардың мүдделерімен санасуға, ортақ нәтижеге қол жеткізуді үйретеді. Аталған сабақтарды шәкірттер ерекше құлшыныспен және асыға күтеді, ал мектептің барлық шығармашылық ұжымдары: орыс халық аспаптары оркестрі – жет. А.Игошин және А.Заруба (қатарынан 9 рет), «Илигай» хор ұжымы – жет. Г.Гольдорф (3 рет), скрипкашылар ансамблі – жет. Е.Тулупова (7 рет) жас музыканттардың республикалық байқауларының бірнеше дүркін лауреаттары және Гран-при иегерлері болып табылады. 2015 ж. орыс халық аспаптары оркестрі С.Шалыгиннің жетекшілік етуімен жеке орындаушылардың, ансамбльдер мен халық аспаптары оркестрінің «Европа – Азия» V халықаралық байқауында Гран-приді жеңіп алып, Ресей сахнасын бағындырып келді.
Соңғы жылдары мектеп оқушылары арасында халықаралық орындаушылар байқауларының қатысушылары мен лауреаттарының саны елеулі артты. Мұндай шығармашылық жарыстарға дайындық кезінде педагогтар тәрбиеленушілерінің назарын шараның жоғары мәртебесіне аударып, балаларға үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын, олардың жалпы қазақстандық орындаушылық мектепті және Қазақстан Республикасының намысын қорғайтындарын ескертеді. Мұндай музыка жарыстарындағы жеңістер мектеп оқушыларының өз ойыны мен қол жеткізген нәтижесі үшін қуанып қана қоймай, елінің жоғары нәтижелерге жетуіне үлес қосқаны үшін мақтаныш сезіміне бөленуіне мүмкіндік береді. Тек 2014-2017 оқу жылдары ішінде ғана мектептің жас музыканттары 121 рет облыстық, 113 рет республикалық және 108 рет халықаралық орындаушылық байқаулардың лауреаты және дипломанты болса, соның ішінде 22 рет Гран-при жеңіп алды.
Оқушылардың отаншылдығын, Отанға деген сүйіспеншілдігін тәрбиелеуде қазақ музыка әдебиеті пәніне ерекше орын бөлінеді, оны оқу барысында білім алушы қазақ халқының музыкалық даму тарихын біледі, отандық авторлардың шығармаларын түсінуді және мәнерлі орындауды, қазақ музыкасының идеялық-бейнелік мазмұнын жеткізе білуді үйренеді. Бұл пән тәрбиеленушілердің Қазақстанды әр қазақстандықтың жалғыз, тағдыры тарту еткен, ата-бабаларынан қалған бірегей Отаны екендігі ретінде түсінуін қалыптастыруға, өз халқының тарихына құрметпен, сыйластықпен қарауды тәрбиелеуге көмектеседі, ол Отанды сүю сезімін, туған жердің игілігі үшін үлес қосу ниетін қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттік рәміздер туралы білімді насихаттау мақсатында қазақ музыка әдебиеті сабақтарында оқушыларды мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихымен, авторларымен және мазмұнымен таныстыру үшін бірқатар сабақ бөлінеді. БММ Мемлекеттік рәміздер стенді, түнгі уақытта жарықтандырылатын, далаға ілінген жалау бар. Мемлекеттік мерекелерге арналған шаралар ҚР әнұранын орындаумен ашылады.
Сондай-ақ білім алушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру сабақтан тыс жұмыстарда: Конституция күнін, ҚР тәуелсіздігі күнін, Жеңіс күнін, Наурыз мейрамын және т.б. мерекелеуге арналған шараларда да жоспарлы түрде жүргізіледі. Мерекелік концерттер жалпы мектеп деңгейінде өткізіледі, онда тек БММ ең үздік тәрбиеленушілері – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді. Теоретик-педагогтар сценарийлерді мұқият ойластырады, оған ата-аналар мен таныс оқушылар, БММ педагогтары шақырылады. Сол себепті де мұндай концерттер әдетте жоғары деңгейде өтеді, мерекелік ахуал қалыптасып, қатысушылардың есінде ұзақ сақталады.
Тәрбиеленушілердің ұлтаралық төзімділігін тәрбиелеуге Халық аспаптары бөлімі оқушыларының дәстүрлі халық музыкасы фестивальдары өз үлесін қосады. Балалар көптеген ұлттық аспаптарда: домбырада, гитарада, қобызда, балалайкада, сазсырнайда, аккордеонда және т.б. әр түрлі этностардың музыкасын ойнайды, ұлттық киімдер дайындайды, жүргізушілердің әңгімелерінен фольклорлық музыканың ерекшеліктері туралы біледі.
Бұл шаралар түрлі этностар мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін түсінуді, мәдениеттердің әр алуандығына түсіністікпен, өзге халықтардың өкілдеріне құрметпен қарауды тәрбиелеуге, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Жас музыканттарды құқықтық тәрбиелеу БММ білім берудің алғашқы күнінен басталады және бұл ең алдымен жұмыс күнін дұрыс ұйымдастырудың, қатаң тәртіп орнатудың, күн сайын көп көлемдегі жұмысты орындай білудің қажеттігімен байланысты. Дайындықтар, концерттер санының көптігімен, байқауларға сапарға шығумен байланысты болатын музыкалық білімнің ерекшелігі балаларды жеке басының тәртібі мен әрекеттері үшін жауапкершілікке, жетекшілердің талаптары мен ұжымның заңдарын қатаң сақтаудың қажеттігін, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінуге және сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтары мен еркіндігіне төзімділікпен қарауға үйретеді. Сол себепті де БММ тәрбиеленушілері арасында аутодеструктивті, девиантты мінезді бірде-бір оқушы, құқық бұзушылар жоқ.
Оқушылардың оқытушылармен сабақ үстіндегі және сабақтан тыс уақыттағы қарым-қатынас жасау кезінде белгілі бір материал игеріліп және балаларды оқыту орын алып қана қоймай, тұлғаның әлеуметтік оң қасиеттері де қалыптасады. Мұғалімдер оқушылардың жұмысын ұйымдастыра отырып, тәрбиелеудің олардың өздерін дамытуға ұмтылуын ынталандыратын, олардың білімін, көзқарасын, нанымдарын қалыптастыруға, ерік-жігерін жетілдіруге көмектесетін әдістері мен амалдарын қолданады. Бұл орайда оқушылардың жақсы әрекеттерін қолдап отыру, олардың тәртіптің нормалары мен ережесін бұзуын көңіліне келмейтіндей етіп жеткізу ерекше маңызды болып табылады.
2014 жылдан бастап мектепте тәрбиеленушілердің музыкалық дарынын дамытуға жағдай жасауға, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған «Дарында балалар» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Диагностика нәтижесінде 2016-2017 оқу жылы тағы 7 оқушы БММ деректер базасына енгізілді. Педагогтың білім алушының музыкалық дарынын дамыту бойынша жүргізетін жұмысын балалардың оқу жылына қойған мақсаты, олардың жетістіктері көрсетілетін, жеке бағдарламалары мен келешектегі дамуы белгіленген Жеке іс арқылы бақылауда болады.
Білім беру процесінің тиімділігін көрсететін ақырғы нәтиже концерттерде өнер көрсету болып табылады. Оқушылардың сахнада өнер көрсетуі білім берудің нәтижелілігін ынталандыра және арттыра түседі, оның тартылымдылығын күшейтеді, орындаушылардың ең жақсы қасиеттерін тәрбиелейді және дағдыландырады, өз еңбегінің қоғам үшін маңызды екендігін сезінуіне және оның нәтижесін көруіне көмектеседі. Сондықтан да концерттік-ағартушылық жұмыстарды оқушыларды, әсіресе дарынды балаларды тәрбиелеудің маңызды резерві деуге болады.
Балалар музыка мектебі өзінің негізгі міндеті – балаларды музыкаға үйретуден басқа музыкалық-ағартушылық қызмет те атқарады. Ал оқушылар орындаушылық жұмыстың дағдыларын игеріп қана қоймай, музыкалық-ағартушылық қызметтің де негіздерін алып шығады. Оқушылардың барлығы дерлік концерттік жұмыстарға тартылған, олардың күштерімен оқу жылы ішінде жүзден астам тақырыптық және мектептің, бөлімнің, ұжым мен оқушылардың, музыкалық қонақжайлар мен фольклор мерекелерінің есеп беру концерттері дайындалды.
Көпшілік алдында өнер көрсету оқушылардың бойында музыканы өзі үшін ғана үйреніп жатпағаны, олардың өнерлерінің басқаларға керек екендігі туралы сезім мен ойды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. БММ музыкалық-ағартушылық жұмысты бұлайша ұйымдастыруы оқушылардың санасын қалыптастыруға оң ықпал етеді. Музыка мектебінде түрлі балалар ұжымының өзара келісе отырып әрекет етуі ерекше маңызды және мұны тек мектеп оқытушылары ұжымының біркелкі педагогикалық талабының арқасында ғана жүзеге асыру мүмкін болып отыр.
Жалпы дидактикалық міндеттерді шешуден басқа жұмыстың бұл түрі білім алушының шығармашылық қабілетін дамытуға, балалардың рухани-адамгершілік және эстетикалық құндылықтарын тәрбиелеуге, тұрғындар арасында мәдениет пен өнерді насихаттауға, тәрбиеленушілерді музыкалық-көркем білімге тартуға бағытталған.
Концерттік-ағартушылық жұмыстардың көмегімен оқушылармен және олардың ата-аналарымен рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде, бірқатар оқу-тәрбиелік жұмыстар: жалпы мектептің және сыныптың ата-аналар жиналысы, тақырыптық музыкалық қонақжайлар, мерекелік концерттер, сынып және жалпы мектеп концерттері, бөлімдердің есеп беру концерттері және үздік оқушылардың жеке концерттері, жалпы мектептік орындаушылық байқаулар мен фестивальдар ұйымдастырылды және өткізілді. Мектеп қабырғасында жыл сайын Жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық туры өткізіледі, онда мектеп пен қаланың намысын БММ ең талантты оқушылары қорғайды.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізін қатары жыл өткен сайын артып келе жатқан дәстүрлі шаралар: «Посвящение в юные музыканты», «Халық музыкасы кеші», «Зимние грезы» фестивалі, «Музыкалық қонажай», фольклор мерекелері, оқушылардың, педагогтардың сыныптарының, бөлімдердің, ұжымдар мен мектептің шығармашылық есеп берулері құрайды. Оқытушылар мен тәрбиеленушілердің әр түрлі мектептен тыс тәрбиелік мәні бар шараларға (орындаушылық байқаулар, қала мекемелеріндегі концерттер, қалалық және облыстық көлемдегі мерекелік шаралар) қатысуы игі дәстүрге айналды.
БММ тәрбиеленушілерінің концерттік-ағартушылық жұмысындағы қайырымдылық концерттері ерекше орынға ие. Жас музыканттар бірнеше рет ауру балаларды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды емдеу үшін қаражат жинауға арналған жалпы қалалық «Жизнь на ладони» шарасына қатысты. 2015 ж. «Южноуральск – Зальцбург» (Южно-Уральск қ.) халықаралық байқау-фестивалінің жеңімпазы Виолетта Хворостянкинаның Австрияға баруы үшін бірнеше концерт өткізілді, сыйлық ретінде фестивальдың ақырғы кезеңіне қатысу үшін В.А.Моцарттың туған жеріне жолдама тарту етілді. Балалар қайырымдылық ісіне кез келген уақытта қуана келіседі, өзгеге қол ұшын берудің және айналасындағыларға тегін көмек көрсетудің қажеттігін түсінеді.
Жұмыс істеген жылдары музыка мектебі Қостанай қаласының ғана емес, сондай-ақ тұтастай Қостанай облысының да мәдени игілігіне айналды. БММ қала мен облыстың мекемелерімен: қосымша білім беру ұйымдарымен, Е.Өмірзақов ат. облыстық филармониямен, театрлармен, кітапханалармен, мұражайлармен, көрме залдарымен, орта мектептермен, балалар бақшасымен, қала ұйымдарымен және т.б. белсенді ынтымақтастық орнатқан. Мектеп барлық жылдар бойы қалалық және облыстық деңгейде өткізілетін көптеген шараларға белсенді қатысып келеді. Олардың ішінде түрлі мерекелік концерттер, сурет көрмелерінің салтанатты ашылулары, халық шығармашылығы концерттері, байқаулар мен фестивальдардың гала-концерттері, кәсіби байқаулардың жеңімпаздары құрметіне қойылған концерттер, облыс әкімінің жаңа жылдық шыршалары және т.б. бар. Филармонияның кәсіпқой әртістерімен қатар БММ оқушылары қандай да бір даталарға арналған концерттерге (Халықаралық музыка күні, Қарттар күні, Тәуелсіздік күні, 8 Наурыз, Наурыз, Жеңіс күні және т.б.) дәстүрлі түрде қатысып отырады.
Мектепте өткізілетін шаралар туралы, қол жеткізген жетістіктер жайлы, БММ өмірінде орын алған ең қызықты және маңызды оқиғалар және т.б. туралы ақпарат таратып отыру үшін жергілікті БАҚ байланыс орнатылған. Өткен 2 жылдың ішінде ғана бұқаралық ақпарат құралдарында («Костанай», «Костанайские новости», «Учительская+» газеттері, «Алау» және «Қазақстан-Қостанай» телекомпаниялары) музыка мектебінің педагогтары мен тәрбиеленушілеріне арналған 29 жарияланым, бірнеше телебағдарлама жарық көрді.
БММ өз ішіндегі концерттік өмір де ауқымды. Сыныптан тыс жұмыстар жалпы мектеп көлемінде ғана емес, сондай-ақ әр оқытушының сыныбы шеңберінде де белсенді жүргізіледі. Оқушылар үшін көңілді викториналар, байқаулар, қызықты әңгімелесулер, концерттер мен фестивальдар өткізіледі. БММ тәрбиеленушілері жаз мезгілінде мектеп жанындағы алаңдар мен лагерьдің күндізгі тынығушыларына арнап көптеген концерттер береді. Мұндай шаралар кәсіптік бағдар беру жұмысы мен музыкалық мәдениетті насихаттаудан бастап кішкентай әртістердің концерттік практикасына дейінгі көптеген міндеттерді шешеді.
Педагогтар ұжымы мен мектеп әкімшілігі оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыста болады, ата-аналардың жалпы мектептік және сынып жиналыстарын, бөлімдер мен мектептің есеп беру концерттерін, оқушылар мен ұжымдардың шығармашылық есеп берулерін өткізеді. Мамандық бойынша педагогтар – сынып жетекшілері күн сайын ата-аналардың әрқайсымен балалардың бойында еңбексүйгіштік, оқуға жауапкершілікпен қарау және т.б. қасиеттерді тәрбиелеу бойынша тынымсыз жұмыс жүргізеді. Мектеп шаралары түгелге дерлік ата-аналардың қатысуымен өтетінін ескеретін болсақ, жұмыстың мұндай түрлері ата-аналардың балалардың жетістігіне деген қызығушылығын нығайтуға көмектеседі және олардың музыкалық білімінің жемісті дамуын қамтамасыз етеді, отбасының оқушының музыкалық біліміне деген көзқарасын елеулі өзгертуге ықпал етеді.
Көркемдік-эстетикалық тәрбие оқушылардың өнерді сезіну, түсіну, бағалау, сүю қабілеттерін қалыптастыруға, олардан ләззат алуды үйретуге, «сұлулық заңы бойынша» өмір сүруге және туынды жасауды үйретуге бағытталған.
Тәрбие жұмысына оқушының айналасындағы нәрселердің барлығы: жайлардың жиналуы, киімнің тазалығы, жеке қарым-қатынас түрлері, айналасындағылармен араласу, еңбек жағдайы мен демалу түрінің барлығы қатысады. Мектепте баланың тұратын, оқитын, жұмыс істейтін, демалатын эстетикалық ортасын ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың оқу жабдықтарына, музыка аспаптарына ұқыпты қарауы тәрбиеленеді, ұжымдық еңбектің негіздерін білу, педагогтармен және сыныптастарымен достық қатынаста болу, сахнада және қоғамда өзін ұстау мәдениетінің ережелері, концерт әдебін білу үйретіледі.
Кәсіптік тәрбие беру мектептегі тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттарының қатарына енгізілді. Ол балалардың бойында парыз, жауапкершілік, кәсіби ар-намыс және қадір-қасиет сезімдерін қалыптастыруды мақсат етеді.
Кәсіптік тәрбие беру шеңберінде мектепте ағартушылық жұмыстары жүргізіледі, оған кәсіптік ақпарат, музыкалық жұмысқа бейім оқушыларға кәсіптік насихат және кәсіптік үгіт жүргізу, мәдениет пен өнер саласындағы мамандықты таңдау бойынша жеке кәсіптік кеңестер беру кіреді.
Музыкалық мектептің оқушыларына кәсіптік тәрбие беру құралы болып табылатындар:
- оқушылардың мамандықтың оқу жоспары аясында игеретін оқу пәндерінің резервтері;
- концерттік-ағартушылық жұмыс, байқауларға, фестивальдар мен көрмелерге қатысу;
- белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер, Қазақстан мен Ресейдің музыкалық жоғары оқу орындарының танымал оқытушыларымен шеберлік сыныптарын өткізу;
- оқушылардың ата-аналарымен тәрбиеленушілердің кәсіби жұмысының болашағы туралы әңгімелер.
Үздік тәрбиеленушілер мен ұжымдардың түрлі жастағы топтарының өнер көрсетуге дайындығы кезінде мектептің байқау-фестиваль жұмысы маңызды рөл атқарады. Қостанай қ. №1 балалар музыка мектебін жас таланттардың тал бесігі десек, артық айтқандық болмас еді. Барлық оқушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін толықтай жүзеге асырып, жоғары нәтижелер көрсете алады. БММ оқушыларының қалалық, облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысуы тәрбиеленушілердің білім беру бағдарламасын игеру деңгейін анықтауға, пәннің бағыты бойынша ой өрісін кеңейтуге, жеңістің жемісін сезінуіне, жеңіске деген жігер, ұжымдық сезім, орындаушылық шеберлігін жетілдіргісі келу, өзіне сенімді болу секілді қасиеттерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Байқауларға қатысу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың өзгелермен араласу машықтары мен мәдениетін, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға көмектеседі. Бұлардан басқа аталған шаралар оқушылардың көркемдік-эстетикалық білімге деген қызығушылығына қолдау көрсетуге, кәсіптік бағдар жасауға және өзінің кәсіби жұмысында келешектегі бағытын таңдауына көмектеседі.
Жыл сайын БММ бірнеше рет үздік этюд орындаушыны, пьесаны, қазақстандық композиторлардың пьесаларын және т.б. шебер орындаушыны анықтау үшін барлық бөлімдер мен сыныптардың мектептік байқаулары өткізіледі және оған мектеп оқушыларының барлығы дерлік қатыса алады.
2014-2017 оқу жылдары облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлер саны бойынша біршама нәтижелі болды: мектептің 342 тәрбиеленушісі өңірлік деңгейден бастап халықаралық деңгейге дейінгі байқаулардың лауреаты болды.
Байқау жұмыстарында ақырғы нәтиженің жемісті болуына мектеп әкімшілігінің менеджментті дұрыс ұйымдастыруы: дер кезінде ақпараттандырып отыру, тәрбиеленушілердің дайындалуына және қатысуына жағдай жасау, педагогтарды сендіре білу, мұғалімдерге кеңес түріндегі көмек берулерді ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыс жүргізу және т.б. маңызды рөл атқарады. Кейінгі кезде қаржылық және ұйымдастырушылық саладағы тартымдылығы үшін орындаушылық интернет-байқаулардың танымдылығы артып келеді.
Соңғы жылдары педагогтар: Г.Т.Айдосованың, Г.С.Әмірованың, В.А.Варюхинаның, Н.А.Верстонованың, Г.М.Гольдорфтың, Н.А.Гребенщикованың, Т.В.Егорованың, С.В.Кимнің, Г.Б.Қожахметованың, Г.Б.Кучикованың, Г.В.Петрованың, Т.В.Петухованың, М.Г.Романованың, С.В.Семенованың, И.С.Стаканованың, О.Г.Судакованың, Е.П.Тулупованың, С.Н.Шалыгиннің, Л.В.Шлепанованың шәкірттері республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары болып жүр.
БММ ұжымы жұмысының жоғары нәтижесі республикада өз бағасын алды. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі және Өнер мектептерінің қауымдастығы музыкалық білім берудегі зор жетістіктері үшін мектепті Алтын кубокпен марапаттады, ал 2003 ж. мектеп еліміздің үздік музыка мектептерінің қатарына енді. 2013 ж. «Қазақстанның ұлттық бизнес-рейтингі» Қостанай қ. музыка мектебін «Мәдениет саласындағы білім» номинациясы бойынша «Сала көшбасшысы – 2013» деп таныды. 2015 ж. мектеп «Қазақстан Республикасының қосымша білім беру жүйесінің алтын қоры» энциклопедиясына енді.
Мектеп түлектері – біздің мақтанышымыз, еңбегіміздің ешқандай талас тудырмайтын нәтижесі. Бұл сондай-ақ мектептің беделі, оның толықтырылуы мен дамуының болашағы. 70 жыл ішінде қаланың музыкалық мектептерін 5000 астам оқушы бітірді. Мектеп өзінің түлектерін мақтан тұтады, олардың көпшілігі Қазақстан мен Ресейдің түрлі ЖОО түсіп, білімін жалғастырып жүр, кейбіреулері белгілі музыкант болды. Олардың барлығын атап шығу мүмкін емес, тек кейбіреулерін ғана келтіріп кетейік. Мысалы, Наталья және Николай Ищенко – Ресейдің еңбек сіңірген әртістері, Челябі мемлекеттік музыка институтының профессорлары. Ресейдің еңбек сіңірген әртістері атағын Наталья мен Николай «Уральский дуэт баянистов» құрамында жемісті концерт бергендері үшін алды. Кейін бұл дуэт ұлдары Константиннің қосылуымен отбасылық трио болды.
Литвиненко Андрей– Маннгейм қ. (Германия) жоғары музыка мектебінің аспиранты. ЖОО студенттері арасындағы Халықаралық байқаудың І сыйлығының лауреаты (Киев қ.), Халықаралық жас таланттарды қолдау қорының стипендиаты.
Егорова Елизавета – Екатеринбург мемлекеттік консерваториясының студенті, Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабына» енгізілген, Қазақстан жастарының ұлттық Дельфий ойындарындағы Қостанай облысының алғашқы алтын медалінің иегері, «Астана – Мерей» халықаралық байқауының лауреаты, жас музыканттардың республикалық байқауының Гран-при иегері. Қазанда және Пермьде өткен Халықаралық байқаулардың, Екатеринбург қ. өткен Знаменский ат. Бүкілресейлік байқаулардың лауреаты. Министрліктің және Свердлов облысы губернаторы сыйлықтарының стипендиаты.
Гольдорф Денис – РФ Қорғаныс министрлігінің Мәскеу әскери дирижерлер институтының түлегі, жас музыканттардың республикалық байқауының лауреаты, әскери дирижерлердің бүкілресейлік байқауының ІІ сыйлығының иегері.
ХХХ республикалық жас музыканттар байқауының Гран-при иегері Жанна Сегізбаева Новосібір консерваториясын бітірген, ал оның сіңлісі Динара республикалық жас музыканттар байқауының жеңімпазы, сол жерде оқуын жалғастырып жатыр.
ХХХІІІ республикалық байқаудың Гран-при иегері Дьяченко Натальяжәнереспубликалық байқаудың лауреаты Стратонович Мария Мәскеу консерваториясында білім алуда. Вена қ. өткен халықаралық байқаудың лауреаттары Любовь және Зоя Козак Магнитогорск консерваториясын үздік бітіріп шықты. Республикалық байқаудың Гран-при иегері Ярошина Екатерина, Петрова Ксения, Семашко Михаил, Ярошенко Евгений, Мусин Роман Челябі мәдениет және өнер академиясын бітірді. Ақназарова Евгения Нижний Новгород консерваториясын, Махновская Лариса Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің музыка бөлімін бітірді. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Рысмағанбетова Жансая мен Божакова Зарина Қазақ ұлттық өнер университетінде (Астана қ.), Полетаева Людмила Санкт-Петербург қ. консерваторияда білім алып жүр. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Казбекова Камила және республикалық байқаудың лауреаты Королева Галина Мәскеу консерваториясы жанындағы музыка колледжінің оқушылары. Халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан жастарының ұлттық Дельфий ойындарының қола медаль иегері Корчевский Владислав Южноуральск өнер институтының студенті (Челябі қ.). Ким Вероника – Новосібір консерваториясы жанындағы ОММ оқушысы және т.б.
Қостанай қ. балалар музыка мектебі – бұл өткені бай, қазір даңқы шыққан, келешегі кемел мектеп. Оның алдына қойған міндеттері: оқушылар құрамын кеңейту, оқушылар мен ата-аналардың БММ білім алуға деген ынтасын арттыру, педагогтардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны нығайту, мектептегі білім беру процесін одан ары ақпараттандыру және т.б.
Даңққа толы 75 жыл артта қалды, ал БММ алдыда үлкен де жарқын болашақ, шығармашылық жаңа жеңістер мен талантты оқушылар күтіп тұр.
№ 1 БММ директоры Г. Кучикова