Байқаудың қорытындысы

 

2022 жылдың 31 қазанында сағат 10.45-те Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК-да оқытушылар мен  концертмейстерлердің бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Комиссия ұсынылған құжаттарды зерттеп, қоса атқару бойынша гитара сыныбының оқытушысы лауазымына үміткер Тарас Витальевич Перфильевтің кандидатурасын қарады.

2022 ж. 01 қарашадағы бірауыздан қабылданған шешім бойынша             Т.В. Перфильев конкурстан өткен болып саналды және өтініш білдірген лауазымға тағайындауға ұсынылды.

2022 ж. 01.10. және 2022 ж. 31.10. аралығы кезеңде қалған бос жұмыс орындарына өтініш болмағандықтан олардың мерзімін ұзарту туралы және мектеп сайтында және enbek.kz. бағдарламасында бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы хабарландыру қалдыру туралы шешім қабылданды.

Конкурстық комиссияның келесі отырысы 2022 ж. 30.11. сағат 12.00-ге тағайындалды.