2023 жылдың 15 қыркүйегіндегі сағат 12.00-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК-да оқытушылар мен  концертмейстерлердің бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Комиссия ұсынылған құжаттарды зерттеп, штатқа концертмейстер болып жұмысқа орналасуға ниет білдірген Татьяна Александровна Кудашеваның кандидатурасын қарады.

Ереже бойынша талап етілетін құжаттар ұсынылды. А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік мемлекеттік университетте бейіні бойынша жұмыс өтілі бар.

2023 ж. 04 қыркүйегіндегі бірауыздан қабылданған шешім бойынша Т.А. Кудашева конкурстан өткен болып саналсын және өтініш білдірген лауазымға тағайындауға ұсынылсын.