Қымбатты достар, тарих – бұл тек оқиғалар мен күндер ғана емес, ол ең алдымен адамдар. Қазақстанның өткен дәуірінде беделі талас тудырмайтын тұлғалар көп болған, ал сөз олардың даңқын қазақ даласына жайды, олар жайындағы мәліметті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» – біздің ұлы ата-бабаларымыз, оларды жер жүзінің әр түкпірінде біледі, сыйлайды және құрметтейді. Біздің барлығымыздың міндетіміз – олар туралы естелікті нығайту, олардың мұрасын зерттеуге және мәңгі есте қалдыруға ықпал ету.
Қазақ жері көрнекті әрі талантты композиторларға, ақындар мен әншілерге бай. Олардың әрқайсысы музыкалық өнер тарихында өшпес із қалдырды.
Бүгінде қазақ халық музыкасы – Қазақстан мәдениетінің игілігі. Композиторлар мен музыканттар көптеген халық нақыштарын қолдана отырып жаңа туындылар жасайды, музыкалық шығармашылық тарихын мұқият сақтайды.