Оқу жылының басталуына аз уақыт қалды, көбінесе мектептер мен балабақшаларда ата-аналар немесе білім беру қызметкерлерінің арасында ақшалай қаражат жинау мәселесі өткір болып отыр.
Білім басқармасы ешқашан ақша жинамайды және білім бөлімдері мен мектеп директорларына мектептер мен бақшаларды жөндеуг үшін ақша жинау, мұғалімдерге сыйлықтар сыйлау, іс-шаралар өткізу, лауазымға тағайындау, жұмысқа орналастыру туралы тапсырмалар бермейтінін тағы да айта кеткенім жөн!!! Өкінішке орай, бұндай жағдайлар болды және бұл шұғыл шаралар қабылдауды қажет ететін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері болып табылады.
Білім беру ұйымдарында қандай да болмасын ақша жинауға басқарманың бұйрығымен тыйым салынады!
Сондықтан, ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактісі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың басқа да көріністері болған жағдайда тәулік бойы 8-7142-37-08-58, 8-708-087-42-01 сенім телефондарына дереу хабарласуды сұраймыз. Сіздердің барлық өтініштеріңіз қаралып, қажетті шаралар қабылданатын болады.
Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде сіз маған басшы ретінде тікелей жүгіне аласыз. Жұмыс күнінде телефон қоңырауына жедел жауап беру мүмкін емес, сондықтан осы фактілер бойынша Facebook-тегі жеке парақшамның дайрегіне хабарласуңызға болады https://www.facebook.com/profile.php?id=100003407583111 және Instagram https://www.instagram.com/zaurebaimenova/ .
Осы ақпаратты әлеуметтік желілерде бөліскендердің барлығына алғысымды білдіремін. Сыбайлас жемқорлықты тоқтату-біздің ортақ міндетіміз.