Қымбатты достар, 30 тамыз – ерекше күн. 1995 жылы республикалық референдумда бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды.
Дәл осы күні біздің мемлекетіміздің негізгі заңы қабылданды, ол әрбір азаматтың мүдделерін бекітеді және қазақстандық қоғамының демократиялық дамуының іргетасы болып табылады.
Отандастарымызды осы айтулы күнмен құттықтаймыз. Конституция әрқашан құқықтар мен бостандықтың, қауіпсіздік пен толыққанды өмірдің кепілі бола берсін және барлық заңдарды еліміздің әрбір азаматы сөзсіз орындайтын болсын! Әрбір қазақстандықтың молшылық пен бақытқа бөленуін, ал мемлекетімізде әрдайым бейбітшілік пен тәртіптің салтанат құруын тілейміз!