4 қазан күні сағат 15.00 «Мирас» МҮ қала әкімі Қ.Ж. Ахметовтың қатысуымен Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Білім басқармасының басшысы З.А. Байменова, қала әкімінің орынбасары С. Ж. Шаймұрынов, педагогика саласының еңбек ардагерлері, қала педагогтары іс-шараның қонақтары болды.

Қ.Ж. Ахметов өзінің құттықтау сөзінде Қостанай педагогтарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан мерекемен құттықтады, «мұғалім» мамандығының маңызы зор екенін, «Педагог мәртебесі туралы» заңды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Мұғалімдер күнінде дәстүрлі түрде педагогикалық шеберліктің жоғары нәтижелеріне қол жеткізген қала педагогтарын Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтеді.

Марапатталғандардың арасында біздің мектептің педагогтары да атап өтілді:

Скрипка сыныбы бойынша оқытушы Стаканова Ильзира Салаватовна Қостанай қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Педагогикалық еңбек ардагері Заика Андрей Васильевичке Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған естелік гравертон табыс етілді.