2022-23 оқу жылына музыка мектебіне қабылдау
Құрметті ата-аналар және мектеп қонақтары!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК (бұдан әрі - мектеп) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың негізінде келесіні хабарлайды:
2022 жылғы 1 сәуірден бастап музыка мектебіне қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 68 бұйрығының 5-тармағына (5-1) енгізілген толықтыруларға сәйкес жүргізілетін болады.