Халықаралық музыка күні биыл бірден бірнеше іс-шарамен атап өтілді. Олардың бірі 2 қазанда Қостанай қаласындағы Балалар музыка мектебінде өтті. Ресейдің 48 өңірі мен әлемнің 4 елінің қатарында «Жалпыға бірдей музыкалық диктант» халықаралық ағартушылық акциясына қостанайлық музыка әуесқойлары да қатысты.

 

Өздерінің музыкалық қабілеттерін байқап көру мүмкіндігін 38 қатысушы толық пайдаланды. Олардың 12-сі әртүрлі қиындық деңгейлерін таңдап, өз күштерін екі рет сынап көрді. Олардың көпшілігі Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері болды. 

 

Акцияның нәтижелері бойынша барлық қатысушы тапсырманы орындап шықты. Тексерілген 50 жұмыстың 34-і «өте жақсы» деген бағаға орындалды.

 

Қостанай музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері білімді игерудің жоғары деңгейін және тамаша музыкалық  көрсеткіштерін растады.

 

Ағартушылық акцияның ең басты нәтижесі қатысушылардың тамаша көңіл күйі және музыка өнерімен танысуы болды.