Ақпан айы көптеген ұлы композиторлардың дүниеге келуімен ерекшеленеді. Атап айтар болсақ, орыс музыкасындағы реализмнің боларын болжаған Александр Даргомыжский, Ағартушылық дәуірінің негізін қалаушы, оратория мен опера жанрларының қарқынды дамуын болжаған Георг Фридрих Гандель, пианиношыларға фортепианода ойнаудың әртүрлі техникалық әдістерін кезең-кезеңімен меңгеруге мүмкіндік беретін көптеген жаттығуларды, әртүрлі күрделіліктегі этюдтерді қамтитын бірегей пианино мектебін құрған Карл Черни, музыкасы отаншылдық мазмұнымен және керемет сұлулығымен ерекшеленетін Джоаккино Россини және өзінің шығармашылығымен неміс қоғамының музыкалық мәдениетін көтеруге, ұлттық дәстүрлерді нығайтуға, білімді мамандарды тәрбиелеуге ұмтылған Феликс Мендельсон.