Балалардың байқаулар мен фестивальдерге қатысуы және жеңістері білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың жарқын көрсеткіштері болып табылады. Байқау жұмыстары оқушыларға білім және тәрбие беру жұмыстарының ажырамас бөлігі болып табылады, эстетикалық талғамның дамуына пайдалы әсер етеді, жан-жақты тұлғаны дамытуға, дәстүрлерді нығайтуға, мақсатқа жетуге жағдай жасайтын жаңа мүмкіндіктерді іздеуге ықпал етеді.