Құрметті ардагерлер! Сіздерді Аға буын күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің даналыққа толы әр сөздеріңіз, жүрек жылуларыңыз, төзіміңіз бен мол тәжірибелерініз -мектептің алтын қазығы. Сіздер ұстаз ғана емес, музыка әлемінің шырақшылары, шәкірттерге шабыт беретін, өнерге және балаға деген сүйіспеншілігімен ерекшеленетін аяулы жандарсыздар. Жылдар бойы жүрекпен берген білімдеріңіз үшін, сүйікті істеріңізге адал қызмет еткен еңбектерініз үшін алғысымыз шексіз. Күндеріңіз қуанышқа, қамқорлық пен мейірімге толы болсын! Сіздерге зор денсаулық, жан шуағы, отбасыңызға тыныштық пен береке тілейміз. Сіздердің жүректеріңізде әрқашан музыка әуелеп, өмірлеріңіз шаттық пен нұрға толы болсын!












