Балалар музыка мектебі ЮНЕСКО федерациясының қатарында!

3 қараша күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО Клубтарының Ұлттық Федерациясының кеңейтілген отырысы өтті.

Бүгінде ЮНЕСКО қозғалысы әлемнің 75 еліндегі 4000-нан астам клубты біріктіреді.
Қазақстанда 155 ЮНЕСКО клубы мен 9 клуб-кандидат мәдениет, білім және бейбітшілік құндылықтарын насихаттап келеді.

Біз үшін тамаша жаңалық!

Осы отырыста біздің Балалар музыка мектебінің ЮНЕСКО клубтары қауымдастығына қабылдануы мақұлданды.

Бұл – бүкіл ұжым үшін үлкен қуаныш пен шабыт көзі, себебі енді біз өнер мен шығармашылықты, мейірім мен мәдениетті дәріптейтін халықаралық отбасының бір бөлігі болдық.

Барлық ұстаздарымызды, оқушыларымызды және ата-аналарды осы маңызды жетістікпен құттықтаймыз!

{gallery} /hao/2{/gallery}