Скрипкашылар ансамблі композитор С. Еркімбековтың шығармашылық кешіне қатысты
Музыка мектебі оқушыларының концерттік іс-шараларға қатысуы – бұл музыкалық, коммуникативтік және жеке дағдыларды дамытуға ықпал ететін білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі. Концерттер оқушыларға аудитория алдында өнер көрсету және ұжымдық ансамбльдерге қатысу арқылы білім мен дағдыларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, бұл олардың мотивациясы мен эмоционалды интеллектін арттырады, қарым-қатынас пен топтық жұмыс дағдыларын жақсартады. Бұл қашанда пайдалы тәжірибе және танымның кеңеюі болып табылады.
30 қарашада облыстық филармонияда қазақстандық композитордың шығармашылық кеші өтті. Е. П. Тулупова жетекшілік ететін музыка мектебінің скрипкашылар ансамблі кештің ашылуында облыстық филармония оркестрінің сүйемелдеуімен «Менің Отаным» шығармасын орындады. Көрермендер жас музыканттарға дүрілдете қол соғып, үлкен қошемет көрсетті.
{gallery}/nurasyl/09/{/gallery}









