7 ақпан күні ынтымақтастық аясында педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған, Алғыс айту күніне орай мерекелік концерт өтті.
Бұл күні сахна төрінде шынайы алғыс сөздер мен жүрекжарды тілектер айтылды. Жарқын концерттік бағдарламаны Музыка мектебінің оқушылары, «Карнавал» би ансамблі және Балалар шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері ұсынды.
Мерекелік көңіл күйді Көркемсурет мектебі оқушыларының шығармашылық жұмыстары мен Техникалық шығармашылық мектебінің модельдер көрмесі толықтырды.
Бұл мереке өмірін білім мен тәрбие ісіне арнаған жандарға терең ризашылық білдірудің жарқын көрінісіне айналды.









