8 сәуірде «Көктем әуендері» облыстық байқау-фестивалінің үшінші күні өтті. Біздің мектеп оқушыларының өнер көрсетулері тағы да мәнерлілігімен, сахналық мәдениетімен және жоғары дайындық деңгейімен ерекшеленді. Байқау күні нәтижелі болды – барлық қатысушылар қазылар алқасының түрлі марапаттарымен аталып өтті.
Гран-при – Қабжәлел Жанали.
1-ші орын – «Тобыл таңы» қазақ халық аспаптары ансамблі, Акилбекова Айнур (оқыт. Молдахметова Н.М.).
3-ші орын – Заженов Таир (оқыт. Жатканов Н.Г.).
Диплом – Аблай Әли (оқыт. Оразалина Ж. К.).
Білім алушылардың табысты өнер көрсетуі байқау күндердің лайықты жалғасы болды және педагогикалық ұжым жұмысының тұрақты нәтижелерін растады.










