2019 жылдың 31 мамырында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ және бейүкіметтік ұйымдардың қолдау көрсетуімен Нұр-Сұлтан қ. «Дети – Омбудсману» бейнеконференциясы өтті.
Бейнеконференцияны «Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айтпаева Сәуле Мұханбедианқызы өткізді.
Шараның мақсаты – өңірлерде дайындалған балалар мен жастардың үздік әлеуметтік жобаларын жұртқа жария ету. Кездесуде балалардың бос уақытын ұйымдастыру, балалар жарақаты, бала еңбегі, еріктілер қозғалысын насихаттау мәселелері көтерілді.
Конференцияның әңгімесіне еліміздің барлық өңірінің балалары, сондай-ақ ҚР БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының төрғасы Юрий Оксамитный, ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов, ІІМ және жасөспірімдер полициясының өкілдері қатысты.
Қостанай облысынан әлеуметтік байқаулардың, музыкалық байқаулардың республикалық байқауларында, спорт жарыстарында жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды. Бейнеконференцияға қатысушылардың ішінде БММ тәрбиеленушілері: Ковалева Алина, Шубина Татьяна, Гаус Егор, Николенко Глеб, Самылтырова Карина, Танкеева Зере, Дейнега Евангелина, Тутаев Владислав, Попович Виолетта, Подгаевская Ксения да болды.
Депутат балалар мен жастарды, соның ішінде әлеуметтік осал топтардың өкілдерін жобалық жұмыстарға көбірек тартуға және ақпарат алаңында кеңінен жариялай отырып балалар мен жастардың шығармашылық қозғалысын дамытуға қатысушылардың назарын көбірек аударды.