Оқудың білім беру бағдарламаларын толық көлемде орындау мақсатында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК 2020 жылғы 01 қыркүйектен бастап теориялық пәндердің (сольфеджио, музыка әдебиеттері, хорлар, өнер тарихы) сабақтарын қашықтан өткізе отырып оқу процесін аралас режімде жүзеге асыруда. Мамандық бойынша сабақтар (40 минуттан аптасына 1 сабақ, жалпы фортепиано, ұжымдық музыка ойнау (ансамбльдер, оркестрлер)) ата-аналардың өтініші негізінде және қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып штаттық режімде өткізілуде. Оқыту білім алушылардың қызуын күнделікті өлшеуді қамтамасыз ете отырып барлық мамандықтар (топтар, сыныптар) бойынша жүзеге асырылуда. Ата-аналардың мектепке кіруіне уақытша тыйым салынған.
Музыка мектебінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету үшін кварц шамдары, тепловизорлар, санитайзерлер, антисептикалық құралдар, қорғаныс бетперделері жеткілікті көлемде және дер кезінде сатып алынған. Оқушылар мен мектептің қызметкерлері термометриямен, бетперде және ауыз су режімімен қамтамасыз етілген. Үзіліс кезінде жайларды желдету, бекітілген кесте бойынша кварцтау, техникалық үзіліс кезінде жайларды ылғалды тазалау тұрақты жүргізіледі. Адамдардың бір-біріне жақындауын мейлінше азайту үшін мектепте сабақтардың арнайы кестесі бекітілген, әсіресе бетперде және әлеуметтік қашықтықты сақтау режіміне ерекше көңіл бөлінеді. Әр кабинетте санитайзерлер мен ылғалды шүберектер қойылған, педагогтар үзілістерде музыка аспаптарының клавиатурасын сүртіп отырады, кабинеттерді желдетеді, оқушылардың қолдарын зарарсыздандырады. Мектеп әкімшілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына күні бойы бақылау жасап отырады.
Біздің міндетіміз – балалар мен мектеп қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау, білім беруді қызықты, тартымды етіп қана қоймай, қауіпсіз де ету.