Соңғы уақытта Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіруге көп көңіл бөлінуде. Ғимараттарды қажетті техникамен жабдықтауға қыруар қаражат бөлініп жатыр. Халықтың осы санатының күнделікті өмірде қолданылатын барлық игіліктерді басқа жұртпен тең пайдалана алуы үшін қолдан келген амалдар жасалуда.   

Бұл шарадан Музыка мектебі де тыс қалған емес және бұл орайда ол «Қостанай қ. мүгедектер қоғамымен» бірлесе жұмыс істейді. Ғимарат «кедергісіз орта» талаптарына толық сәйкес келеді, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мекеменің қол жетімділігін қамтамасыз ететін қажетті жабдықтарға ие.

Мектеп пен «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ ұжымдары арасында ерекше достық қарым-қатынас қалыптасқан. Көру қабілеті нашар адамдар жас музыканттар концерттерінің сыйлы көрермендері болып табылады. Олар үшін біз мектеп бойынша экскурсия жүргіземіз, түрлі музыкалық аспаптар туралы айтып береміз, біздің лауреаттармен таныстырамыз.

Биыл пандемияға байланысты біздің қарым-қатынасымыз заманауи қашықтан араласу нысанына көшті. Кітапхана қызметкерлері музыка мектебі туралы шағын бейнеролик түсірді. Осы бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.