2022 жылдың 05 қыркүйегінде сағат 12.00-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК-да оқытушылар мен  концертмейстердің бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Комиссия ұсынылған құжаттарды қарап шықты және екі үміткердің кандидатурасын талқыға салды:

  • Боярская Ольга Васильевна, қоса атқару бойынша фортепиано сыныбының оқытушысы лауазымы;
  • Чумерина Виктория Борисовна, қоса атқару бойынша фортепиано сыныбының оқытушысы лауазымы.

2022 ж. 05 қыркүйектегі бірауыздан қабылданған шешім бойынша  О.В.Боярская және В.Б.Чумерина конкурстан өткен болып саналды және өтініш білдірген лауазымдарға тағайындауға ұсынылды.

Келесі мәселе қобыз сыныбы бойынша оқытушы және концертмейстер Назгуль Молдабековна Молдахметованың декреттік демалысынан кейін жұмысын қайта бастауы болды. Оның санаты қазіргі уақытта мерзімі өтіп кеткендіктен және Н. М. Молдахметова штаттық жұмысшыдан қосымша қызметкер санатына өтуге ниет білдіргендіктен 2022 жылғы 01 қыркүйектен бастап Назгуль Молдабековна екі лауазым бойынша жұмысын жоғары деңгейлі «санатсыз» маман біліктілігімен қайта бастасын, ал 2022-2023 оқу жылы ішінде қосымша жалпы негізде аттестаттаудан өтсін деген шешім қабылданды.