2022 жылдың  30.09 сағат 11.30-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК-да оқытушылар мен  концертмейстерлердің бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

2022 ж. 05.09 - 30.09. аралығындағы кезеңде бос орындарға тілек білдірушілер болмағандықтан конкурс өтпеді деп танылды. Қосымша конкурс жариялау және бос орындардың бар екендігі туралы мектеп сайтында және enbek.kz бағдарламасында хабарландыру орналастыру туралы шешім шығарылды. Мектепте жұмыс істеуге үміткерлер пайда болған жағдайда 1,5 ставкадан жоғары жүктемемен жұмыс істеп жүрген педагогтардың жүктемесін жеке қарастыру арқылы қайта бөлу қажет деп шешілді. 

Бірауыздан қабылданған шешіммен 2022 жылғы 31 тамыздағы конкурс өтпеді деп танылды. Педагогтардың бос орындарына орналасуға қосымша конкурс жарияланды. Конкурстық комиссияның келесі отырысы 2022 ж. 31.10. сағат 12.00-ге тағайындалды.