2022 жылдың 29 қараша сағат 12.00-те Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК-да оқытушылар мен  концертмейстерлердің бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Комиссия ұсынылған құжаттарды зерттеп, қоса атқару бойынша гитара сыныбының оқытушысы лауазымына үміткер Нестерова Маргарита Игоревна кандидатурасын қарады.

2022 ж. 01 желтоқсан бірауыздан қабылданған шешім бойынша М.И.Нестерова конкурстан өткен болып саналды және өтініш білдірген лауазымға тағайындауға ұсынылды.

2022 ж. 01.11. және 2022 ж. 29.11. аралығы кезеңде қалған бос жұмыс орындарына өтініш болмағандықтан олардың мерзімін ұзарту туралы және мектеп сайтында және enbek.kz. бағдарламасында бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы хабарландыру қалдыру туралы шешім қабылданды.

Конкурстық комиссияның келесі отырысы 2022 ж. 30.12. сағат 12.00-ге тағайындалды.