2026 жылдың 01 қыркүйегінде сағат 12.00-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК-нда оқытушылардың бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия мүшелері кандидаттар ұсынған құжаттарды қарап шығып, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі мен кәсіптік даярлығын талқылады.
Құжаттарды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия кандидаттарды іріктеу өткізді.
Шешім қабылданды:
- Гүлдерай Еркінқызы Ертілеу «Вокал» сыныбы бойынша оқытушының бос лауазымына орналасуға конкурстан өткен деп танылсын және 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап аталған лауазымға тағайындауға ұсынылсын.
- Асель Абрашевна Абилова «педагог-психологтың» бос лауазымына орналасуға конкурстан өткен деп танылсын және 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоса атқару бойынша аталған лауазымға тағайындауға ұсынылсын.
- Гаухар Айдаровна Мухамбетова «Домбыра» сыныбы бойынша оқытушының бос лауазымына орналасуға конкурстан өткен деп танылсын және 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоса атқару бойынша аталған лауазымға тағайындауға ұсынылсын.









