Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК

Орналасқан мекенжайы: 110000, Қостанай қ., Пушкин к-сі, 64.

Телефондар: 54-54-26; 54-13-13; Эл пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бос лауазымның атауы: Концертмейстер

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • оқытушылармен бірге тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар әзірлейді, қажет болған жағдайда білім алушылармен жеке және топтық сабақтар өткізеді;
  • білім алушылардың орындаушылық дағдыларын қалыптастырады, ансамбльде ойнау дағдыларын дамытады, олардың көркемдік талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелі түсініктерін кеңейтуге және шығармашылық даралығын тәрбиелеуге көмектеседі;
  • сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде және т. б. музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді;
  • музыкалық шығармаларды парақтан оқиды, тасымалдайды;
  • белгіленген есептік құжаттаманы уақытылы жасайды және оны тікелей басшыларға ұсынады;
  • педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбие және білім беру бағдарламасында көзделген басқа да іс-шараларды өткізуге, ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік және консультациялық көмек беруді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
  • ауырып қалуына байланысты жұмысқа шыға алмайтыны туралы оқытушыны және директордың орынбасарын уақытылы хабардар етеді;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды;
  • білім беру үдерісі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Еңбекақы: - бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар арнаулы орта білім: 100000-128525 теңге;

- бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 120000-158720 теңге.

Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығына сәйкес.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: Білім беру ұйымының интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде.

Бос лауазымға құжаттарды қабылдауды Қостанай қаласы Пушкин көшесі 64 мекенжай бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК жүзеге асырады.

  1. Құжаттар тізімі:
  • 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
  • Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жері мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамалары бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
  • 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Педагогтың бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Концертмейстердің  уақытша бос лауазымының мерзімі 2022 жылдың  01.12.  бастап 2022 жылдың 30.12.  дейін.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлары:

(8-714-2) 54-54-26; 54-13-13;   Эл. пошта:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Атауы Жүктеу
1

Концертмейстердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру