Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК

Орналасқан мекенжайы: 110000, Қостанай қ., Пушкин к-сі, 64.

Телефондар: 54-54-26; 54-13-13; Эл пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бос лауазымның атауы:  Саксофон сыныбы бойынша оқытушы

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

  1. Білім алушылардың музыкалық білім алуын жүзеге асырады, олардың әртүрлі шығармашылық әрекетін дамытады, қоршаған әлемнің сұлулығын және өнер туындыларын эмоционалды қабылдау қабілетін тәрбиелейді.
  2. Тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды және оқу мерзімі ішінде контингентті сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.
  3. Ақпараттық технологияларды қоса алғанда, қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалана отырып психофизиологиялық және педагогикалық мақсатқа сай жұмыс (оқыту) нысандарын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді.
  4. Жеке сабақ кестесін құрастырады.
  5. Оқу құжаттамасын (журналдар, жеке жоспарлар, есептер және т.б.) уақытылы және сапалы жүргізеді.
  6. Әдістемелік, педагогикалық және психологиялық ғылымдар, жас ерекшелік психология және мектеп гигиенасы, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктерге сүйене отырып оқу сабақтарын өткізеді.
  7. Тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, білім алушылардың музыкалық дарындылығын дамытуға жәрдемдеседі, олардың танымдық қызығушылықтарының, қабілеттерінің уәждемесін дамытуды, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруды, оларды тәрбиелеуде әлеуметтік саланы кеңейтуді жүзеге асырады.
  8. Оқушылардың жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Олардың білімді игеруін, дағдыларды игеруін, алған дағдыларын қолдануын, шығармашылық әрекет тәжірибесін дамытуын ескере отырып оқытудың тиімділігін бағалайды.
  9. Білім алушыларды байқау-фестивальдарға іріктеуді және дайындауды жүзеге асырады.
  10. Тәрбиеленушілердің концерттерге, есеп беру іс-шараларына, ашық сабақтарға және т. б. қатысуын және дайындығын жүзеге асырады.
  11. Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, білім беру бағдарламасында көзделген тәрбиелік және басқа да іс-шараларды өткізуге және ата-аналарға немесе заңды өкілдерге әдістемелік және кеңес берушілік көмек беруге қатысады.
  12. Сабақ өткізу кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
  13. Кәсіби біліктілігін арттырады және т. б.

Еңбекақы: - бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар арнаулы орта білім: 100000-128525 теңге;

- бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 120000-158720 теңге.

Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығына сәйкес.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: Білім беру ұйымының интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде.

Бос лауазымға құжаттарды қабылдауды Қостанай қаласы Пушкин көшесі 64 мекенжай бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК жүзеге асырады.

  1. Құжаттар тізімі:
  • 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жері мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамалары бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
  • 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Педагогтың бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Саксофон сыныбы бойынша оқытушының уақытша бос лауазымының мерзімі 2022 жылдың 01.12. бастап 2022 жылдың 30.12 дейін.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлары:

(8-714-2) 54-54-26; 54-13-13;   Эл почта:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Атауы Жүктеу
1   Саксофон сыныбы бойынша оқытушының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру