2025 жылдың 27 тамызында сағат 12.00-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК-да оқытушылардың бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия ұсынылған құжаттарды зерттеп, жұмысқа тұрғысы келген оқытушылар – Халилова Эллина Вадимовна мен Карахметченко Дарья Вячеславовнаның кандидатурасын қарады.

Кандидаттар ереже бойынша талап етілетін құжаттарды толық көлемде ұсынды.

2025 ж. 27 тамыздағы бірауыздан қабылданған шешім бойынша Халилова Эллина Вадимовна мен Карахметченко Дарья Вячеславовна конкурстан өткен болып саналсын және өтініш білдірген лауазымға тағайындауға ұсынылсын.