Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК
Орналасқан мекенжайы: 110000, Қостанай қ., Пушкин к-сі, 64.
Телефондар: 54-54-26; 54-13-13; Эл пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бос лауазымның атауы: Хатшы (секретарь)
Негізгі функционалдық міндеттері:
- Мекеменің құжат айналымын жүргізу, кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, тарату және сақталуын қамтамасыз ету.
- Басшының тапсырмаларын орындау және оның жұмысына ұйымдастырушылық қолдау көрсету.
- Телефон қоңырауларын қабылдау, ақпарат беру және бағыттау.
- Басшының және педагогикалық ұжымның жұмыс кестесін ұйымдастыруға жәрдемдесу.
- Келушілерді қабылдау тәртібін қамтамасыз ету, қабылдауға жазу және ақпарат беру.
- Мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын сауатты рәсімдеу.
- Бұйрықтар, хаттамалар, өтініштер және басқа да ресми құжаттарды дайындау, рәсімдеу және мұрағаттау.
- Жиналыстар мен іс-шараларға қажетті құжаттарды дайындау (хаттама, тізім, тіркеу парақтары және т.б.).
- Кеңсе техникасымен (компьютер, принтер, сканер) және электрондық құжат айналым жүйелерімен жұмыс істеу.
- Іскерлік хат алмасуды жүргізу.
- Еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге үлес қосу.
- Қызметтік міндеттеріне сәйкес кәсіби біліктілігін арттыру.
Еңбекақы: - бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар арнаулы: 114853 теңге;
Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығына сәйкес.
- Құжаттар тізімі:
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
- Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жері мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
Хатшының уақытша бос лауазымының мерзімі 2025 жылдың 08.12 бастап 2026 жылдың 08.01 дейін.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлары:
(8-714-2) 54-54-26; 54-13-13; Эл почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.












