Концертмейстердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК
Орналасқан мекенжайы: 110000, Қостанай қ., Пушкин к-сі, 64.
Телефондар: 54-54-26; 54-13-13; Эл пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бос лауазымның атауы: Концертмейстер
Лауазымдық міндеттері:
1. жалпы, арнайы және бейіндік пәндер оқытушыларымен бірлесіп тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар өткізеді;
2. білім алушылардың орындаушылық дағдыларын қалыптастырады, ансамбльдік ойын дағдыларын дамытады, олардың көркемдік талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелі түсініктерін кеңейтуге және шығармашылық даралығын тәрбиелеуге ықпал етеді;
3. жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді;
4. музыканы таңдайды және емтихан сабақтарының музыкалық материалын жасайды;
5. сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді;
6. парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды тасымалдайды, музыкалық материалды, соның ішінде қойылымдарды өңдеумен және аранжирлеумен айналысады;
7. тақырыптық жоспарларды, білім беру бағдарламаларын (жалпы, арнайы, бейіндеуші пәндер), оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысады;
8. білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
9. еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды
Еңбекақы: - бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар арнаулы орта білім: 100000-128525 теңге;
- бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 120000-158720 теңге.
Біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 бұйрығына сәйкес.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: Білім беру ұйымының интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде.
Бос лауазымға құжаттарды қабылдауды Қостанай қаласы Пушкин көшесі 64 мекенжай бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК жүзеге асырады.
Құжаттар тізімі:
1. 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7. психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8. наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10. осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11. жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
12. Біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат.
Концертмейстердің уақытша бос лауазымының мерзімі 2026 жылдың 30.07 бастап 2026 жылдың 30.08. дейін.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлары:
(8-714-2) 54-54-26; 54-13-13; Эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
___________________________
конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
/ Кандидаттың тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі -Т. А. Ә.),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі –ЖСН), лауазымы,
жұмыс орны,
Нақты тұрғылықты
жері, тіркелген мекенжайы,
байланыс телефоны
Өтініш
Мені ________________________________________________________________
(білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)
бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі кезде_________________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік
Оқу орнының атауы Оқу кезеңі Диплом бойынша мамандығы
Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):
__________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы Педагогикалық Мемлекеттік қызмет өтілі Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында
Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________
Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.
Мен келісемін ___________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)
"____"______________20___жыл __________ /қолы/
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
12-қосымша
Нысан
Педагог бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі бар кандидаттың бағалау парағы __________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса))
№ Өлшемшарттар Растайтын құжат Балл сандары
(1-ден 30-ға дейін)
1. Білім деңгейі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері Техникалық және кәсіптік - 1 балл
Жоғары - 2 балл
Жоғары үздік - 3 балл
2. Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат PhD докторы - 15 балл
Ғылым докторы, Ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы - 10 балл
Педагогикалық бағыты бойынша магистрі - 5 балл
3. Біліктілік санаты Куәлік, басқа құжат Педагог- 2 балл
Педагог-модератор - 3 балл
Педагог-сарапшы - 5 балл
Педагог-зерттеуші - 7 балл
Педагог-шебер - 10 балл
Басшының үшінші біліктілік санатындағы орынбасары - 5 балл
Басшының екінші біліктілік санатындағы орынбасары - 6 балл
Басшының бірінші біліктілік санатындағы орынбасары - 7 балл
4. Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін алмастыратын басқа да құжат Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 2 балл
Әдіскер, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп - 3 балл
Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл- 3 балл
Директордың орынбасары, лауазымдағы жұмыс өтілі төрт жылдан көп - 4 балл
Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл - 4 балл
Директор, лауазымдағы жұмыс өтілі 4 жылдан көп - 5 балл
5. Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ұсыным хат Ұсыным хат (педагог лауазымы бойынша соңғы жұмыс орнынан) Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл
6.* Соңғы 3 жылдағы кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері - олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, білім алушылардың ғылыми жобалары;
- олимпиадалар мен байқаулар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары 1) қалалық/аудандық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары - 0,5 балл
облыстық - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;
2) ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 0,5 балл,
облыстық - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;
3) "Үздік педагог" конкурсына қатысушы - 1 балл;
4) "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы - 5 балл.
7. Қоғамдық-педагогикалық қызметі Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат (бұрыңғы жұмыс) Тәлімгер - 0,5 балл;
Әдістемелік бірлестігінің басшысы - 2 балл;
8**. Курсқа дайындық - пәндік даярлық сертификаттары;
- цифрлық сауаттылық сертификаты,
ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST
ж.б. біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)
Барлығы:
* 6-тармақта жеңімпаздар санына қарамастан, соңғы 3 (үш) жылдағы олимпиадалар мен конкурстардың әрбір деңгейі (қалалық/аудандық) бойынша 0,5 балл ескеріледі, облыстық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 1 балл, республикалық - 2 балл, халықаралық - 3 балл;
ғылыми жобалар: қалалық/аудандық - 1 балл, облыстық - 1 балл, республикалық -2 балл, халықаралық – тиісінше 3 балл;
республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері - 3 балл.
** 8-тармақта соңғы 3 (үш) жылдағы біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары - 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке).
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
13-қосымша
Нысан
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына өтілі жоқ кандидаттың бағалау парағы _______________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса)
№ Өлшем шарттар Растайтын құжат Балл сандары
1. Білім деңгейі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері Техникалық және кәсіптік - 1 балл
Техникалық және кәсіптік үздік - 2 балл
Жоғары - 3 балл
Жоғары үздік -4 балл
2. Ғылыми атағы/ ғылыми дәрежесі/ дәрежесі Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері/ ғылыми атағын/ ғылыми дәрежесін/дәрежесін беру туралы аттестат PhD докторы - 15 балл
Ғылым докторы, ғылым кандидаты, профиль бойынша докторы - 10 балл
Педагогикалық бағыты бойынша магистрі - 5 балл
3. Сертификаттаудан өту нәтижелері Сертификат 50 % - 2 балл
60-80 % - 4 балл
80-100% – 6 балл
4. Педагогикалық/ кәсіби практика нәтижелері Білімі туралы дипломға қосымша "3" – 2 балл
"4" – 3 балл
"5" – 4 балл
5. Оқу орнынан ұсыным хат Ұсыным хат Оң ұсыным хаттың болуы - 3 балл
6. Волонтерлік жұмысқа қатысу Қатысу құжаты 1 балл
7. Педагогикалық қызмет туралы жарияланымы бар интернет бетін, әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізу (авторлық ғылыми жобалар, сабақтар, семинарлар) Сілтемелер 1 жылға дейін -1 балл
1 жылдан 3 жылға дейін -2 балл
3 жылдан жоғары -3 балл
8. Жазғы лагерьлердің жұмысына қатысу Қатысу құжаты 2 балл
9. Оқу орындары бойынша конкурстарға қатысу (ғылыми жобалар, шығармашылык және т.б.) Қатысу құжаты Әрбір қатысқаны үшін 1 балл, бірақ 4 балдан аспайды
10. ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST ж.б. Сертификат 1 балл (әрқайсына бөлек)
Барлығы:









