2026 жылдың 26 тамызында сағат 12.00-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 балалар музыка мектебі» КМҚК-нда оқытушылардың бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия мүшелері кандидаттар ұсынған құжаттарды қарап шығып, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі мен кәсіптік даярлығын талқылады.
Құжаттарды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия кандидаттарды іріктеу өткізді.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
- Дарья Витальевна Голубь «Гитара» сыныбы бойынша оқытушының бос лауазымына орналасуға конкурстан өткен деп танылсын және 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап аталған лауазымға тағайындауға ұсынылсын.
- Анетта Евгеньевна Янцова «Жалпы фортепиано» сыныбы бойынша оқытушының бос лауазымына орналасуға конкурстан өткен деп танылсын және 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап аталған лауазымға тағайындауға ұсынылсын.









