Құрметті ата-аналар! Қымбатты балалар!

✅ Соңғы күндері қалада өте жоғары температура байқалады, бұл көптеген адамдарды салқын суға шомылуға мәжбүр етеді. Құрметті ата-аналар, балалардың су айдындарында қараусыз қалуына жол бермеуге тағы да назар аударуға шақырамыз.


✅ Су-адам үшін ең қауіпті апат. Тіпті бір қарағанда кішкентай және тыныш көрінетін тоғандардың өзі адам өміріне өте үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, жазатайым оқиғалар тек жүзе білмейтін балалармен ғана емес, жүзу жағын жақсы меңгерген жандармен де болып жатады.


✅ Сондықтан мектеп жасындағы балалар су қоймаларының жанында қараусыз қалмауы керек, тек ересектердің бақылауымен шомылып, арнайы бөлінген жерлерде ғана жүзуі керек. Көптеген жазатайым оқиғалар дәл тыйым салынған жерлерде шомылуға байланысты орын алып жатады.


✅ Құрметті ата-аналар! Жазғы демалыс басталды. Балаларыңыздың демалысын оларға қауіп төндірмейтіндей етіп ұйымдастырыңыз. Балаларды су жанында бақылаусыз қалдырмаңыз және оларға қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін түсіндіріңіз. Есіңізде болсын, сіздің қауіпсіздігіңіз бен балаларыңыздың қауіпсіздігі ең алдымен өзіңізге байланысты!


Құрметпен Уразбаева Г.


https://www.instagram.com/p/CPTNFJlA8Bg/