Музыка – бұл жұмбақтарға, құпияларға, терең сезімдерге, нәзіктік пен құмарлыққа, қайғы мен қуанышқа толы сиқырлы әлем. Бұл біз өмір сүретін, үйренетін, шабыт алатын және армандарға жетелейтін әлем.
Музыка... Оны кез келген жағдайда тыңдауға болады. Ол бізге көмектеседі және қолдайды, ол бізге айналамыздағы әлемге басқаша қарауға мүмкіндік береді. Біз бақытты шақтарымызда музыкамен бірге биікке көтерілеміз, ал біз мұңайған кезде музыка әуені мұңымызды алыстатады. Музыка тыңдау арқылы біздің жан дүниеміз байи түседі және жарқын болады.
«Музыка – бұл жалғыз әлемдік тіл, оны аударудың қажеті жоқ, онда жүрекпен жүрек сөйлеседі»,- деген болатын неміс жазушысы Авербах Бертольд. Өйткені, кейде қажетті сөздерді табу қиын, ал музыка бәрін түсінікті түрде айтып береді. Музыка әлемі бізді керемет тамаша елмен, таңғажайып әсем әлеммен таныстырады!
Қымбатты достар, сіздердің назарларыңызға бірнеше музыкалық бейнефрагменттерді ұсынамыз. Оларды сіздер үшін №1 Қостанай музыка мектебінің оқушылары мен педагогтары дайындады.