Қымбатты достар! Біз ең әдемі және берекелі ел – Қазақстан Республикасында тұрамыз. Бұл – бай тарихы, ежелгі мәдениеті мен қайталанбас табиғаты бар ұлы мемлекет. Қазақстанның кең даласы өзінше керемет, шексіз даланың әуендері де әртүрлі және ерекше. Қазақстанның сұлулығы мен керемет көріністерін сезіну үшін «Туған жердің әуендері» топтамасынан композициялар тыңдауды ұсынамыз.