П.Чайковский «Щелкунчик»
Қымбатты достар, біздің апта сайынғы «Музыкалық кинозал» айдарындағы музыкалық сапарымызға қосылыңыздар!
Бүгін біз сіздермен бірге орыстың ұлы композиторы Петр Ильич Чайковскийдің ертегілер әлеміне аттанамыз. Чайковскийдің музыкасы 1973 жылы түсірілген Борис Степанцевтің мультипликациялық фильміне негіз болды. «Щелкунчик» – сөзсіз картина, мұнда барлық оқиға жайында музыка баяндайды. Бұл фильмде Гофманның бойына бірдей біткен үш өнер: әдебиет, музыка және кескіндеме бірлесе көрініс тапқан. Оның үстіне мұнда бір сюжетті тұтас бір әлемге айналдыру үшін, кез келген бала өз қиялымен қалаған жағына бара алатын дүниені жасау үшін үш автор: Гофманның өзі, Чайковский және Степанцев біріккен.
Жақсылап демалуларыңызды тілейміз!