Қымбатты достар, біздің апта сайынғы «Музыкалық кинозал» айдарындағы музыкалық сапарымызға қосылыңыздар!
Бүгін біз Польшаға, әйгілі Варшава қаласына саяхат жасаймыз. Бұл ұлы романтик композитор, поляк пианистік мектебінің негізін қалаушы Фредерик Шопеннің туған жері.
Сондай-ақ біз Қазақстанның әсем қаласы – Ақтөбеде, қазақ композиторы, музыкатанушы, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі Ахмет Жұбановтың және оның әулетінің Отанында боламыз.