6 шілдеде Қазақстан ел астанасының туған күнін атап өтеді.
Нұр-Сұлтан – миллион тұрғыны бар қала, шеті мен шегі жоқ қазақ даласының ортасындағы жанға жайлы орын.
Қазіргі Нұр-Сұлтан – еліміздің негізгі даму желілерінің қиылысында орналасқан Қазақстанның ірі басқару орталығы ғана емес. Бұл – Қазақстанның инновациялық дамуына серпін беретін көшбасшы қала. Қазақстанды жаңа мыңжылдыққа бастап баратын, өндіріске өзгерістер енгізуде үлгі болып табылатын қала.
Нұр-Сұлтан – ерекше қала, өзінің бүкіл тарихында ол өз атауын бірнеше рет өзгертті, қатардағы облыс орталығынан астанаға айналды, көлемі бойынша республиканың екінші қаласы болып табылады, Қазақстанның заманауи, белсенді дамып келе жатқан іскерлік және мәдени орталығы.
Нұр-Сұлтан – «Бейбітшілік қаласы», бұл атақты 1999 жылы Қазақстан астанасына ЮНЕСКО берді, мұнда түрлі ұлттар мен діндердің өкілдері бейбіт өмір сүруде.
Нұр-Сұлтан – қарқынды дамып келе жатқан жастар қаласы, мұнда бірнеше ондаған түрлі оқу орындары, соның ішінде Назарбаев университеті, Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Ұлттық қорғаныс университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бар.
Нұр-Сұлтан – мәдени дәстүрлері бай қала. Мұнда бірнеше театр, соның ішінде «Астана-балет» және «Астана-опера», М. Горький ат. мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қ. Қуанышбаев ат. мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры және Мемлекеттік академиялық филармония бар.
Нұр-Сұлтан – мұражайлар қаласы, мұнда Республиканың Ұлттық мұражайы, ҚР тұңғыш Президентінің мұражайы жұмыс істейді, ал «NUR ALEM» және «Бейбітшілік пен келісім мұражайы» сияқты мұражайлар өздерінше ерекше.
Нұр-Сұлтан – спорттық қала, мұнда «Астана-арена» стадионы, «Сарыарқа» велотрегі және «Алау» мұз сарайы сияқты республикалық маңызы бар бірнеше спорт ғимараттары салынды.
Қазақстан астанасы күн санап өсіп келеді және пікірталастардың нысанына айналған. Осы бір әдемі қонақжай қала сіздерді бейжай қалдырмайды деп сенеміз. Сіздердің назарларыңызға біздің әсем астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласының тарихы туралы деректі фильмді ұсынамыз.

Осы қуанышты оқиғаға орай Қостанай музыка мектебінің оқушылары бейнеконцерт дайындады.