Қымбатты достар, 2021 жылдың мамыр айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қостанайда тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» тақырыбымен қосымша білім беру ұйымдарының online фестивалі өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – заманауи қазақстандық мәдениетті насихаттау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын қолдау, қаланың қосымша білім беру ұйымдарын таныстыру.
Балалар музыка мектебі бұл фестивальге белсенді қатысты. Сіздерге біздің мектеп туралы, тамаша және талантты балаларымыз бен олардың тәлімгерлері туралы бейнеролик көруді ұсынамыз.