4 маусымда – Мемлекеттік рәміздер күні музыка мектебінің түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды.
Дәстүрлі шара салтанатты жиынның қалыптасқан түрінен өзгеше өтіп, әр бөлім таза ауада санитарлық нормаларды сақтау арқылы жеке-жеке жиналды: сәнді киімнің орнын бетперде мен қолғап, мектеп бітіру биін әлеуметтік қашықтық алмастырды, ал жол жиегіндегі таскірпішке бормен әр оқушыға арналған жеке жұлдызша бейнеленді.
Мектеп директоры Г.Кучикова биылғы оқу жылының жаңалықтарға толы болғанын атап өтті: музыкалық білім беруде алғаш рет қашықтан оқыту енгізілді, мектеп түлектері алғаш рет музыка мектебін мемлекеттік емтихандарды тапсырмастан аяқтады, мектеппен қоштасу алғаш рет салтанатты жиналыс түрінде өтуде.
2020 жылғы түлектердің көңіл қуантқан ерекшелгі үздіктер санының рекордтық көрсеткішке жетуі болды – 62 түлектің жартысынан астамы мектепті жоғары нәтижемен бітірді. Оқушылар түгелге дерлік жеке орындаушы ретінде, сондай-ақ музыкалық ұжымның құрамында көптеген облыстық деңгейден бастап халықаралық деңгейге дейінгі жас музыканттардың орындаушылық байқауларының лауреаттары атанды.
Музыка мектебін бірден екі мамандық – фортепиано және домбыра бойынша бітірген және үздік аяқтағаны жөнінде екі куәлік алған Батыржан Танкеевті ерекше атап өткіміз келеді. Жас талант екі бағыт бойынша да жоғары нәтижелерге қол жеткізді, халықаралық байқаулардың лауреаты болды, бірнеше рет беделді музыкалық жарыстарда мектептің намысын қорғады, бірнеше рет жергілікті телехабарлар мен БАҚ кейіпкері болды.
Оқушыларға алдағы өмірге дәстүрлі сәт-сапар тілеу, ата-аналардың педагогтарға алғыс айтуы, түлектердің ризашылықтарын білдіруі, куәлік тапсыру және ұшқан ұяларын естеріне алып жүрулерін өтіне отырып үлкен өмірде бақытты болуларына тілек білдіру лирикалық музыка номерлерімен және көзге жас үйірген, жүректі толқытқан қоштасу әнімен ұштасты.
Мектеп директоры Г.Кучикова
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/muzyka-mektebinde-so-y-o-yrau-so-yldy#sigFreeId62afb07850