«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 ж. 15 наурызындағы №285 жарлығына сәйкес азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды, қағаз түріндегі құжат айналымға тыйым салынды, мұның есесіне тұрғындардың жүгінуіне әлеуметтік желілерде, мемлекеттік ұйымдардың интернет-ресурстары мен басшылардың блогтарында  жедел жауап беру жұмыстары күшейтілді.

Орын алып отырған эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімінің №1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК ата-аналар мен педагогтарды тағы да өздері мен жақындарына қауіп төндірмеуге, коронавирус инфекциясынан қорғанудың барлық шараларын сақтауға шақырады.

Музыкалық қосымша білім беру саласына қатысты өздеріңізді қызықтырған барлық сұрақтарға музыка мектебінің директоры Гульнара Бряновна Кучикованың (http://dmsh-kst.kz/ru/direktorru.html) блогынан жауап ала аласыздар.  Сұрақтарды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекенжайы бойынша мектеп кеңсесіне жіберуге болады.

Мұның сыртында 54-13-13 немесе 54-54-26 телефондарына хабарласуға болады.

Келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар электронды түрде жіберіледі, сол себепті міндетті түрде өзіңізбен байланысу жолдарын (телефон, электронды мекенжай) көрсетуіңіз қажет.