«ҚОСТАНАЙ  ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ    БІЛІМ БӨЛІМІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

«ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ

АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ»

 

110000, Қостанай қ-сы, Байтұрсынов к-сi, 67 үй

тел/факс: 543-007, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

110000, г. Костанай, ул. Байтурсынова, 67

тел/факс: 543-007, e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

02.04.2020 г. № 505

 

         

Қостанай қ. білім беру

ұйымдарының директорларына

 

Төтенше жағдайларға және қауіпсіздік пен алдын алу шараларын күшейтуге байланысты Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімі келесіні хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес 5 мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарының кеңселері арқылы қағазға басылған нысанда көрсетіледі («Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»,

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау», «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну», «Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін   мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардан аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»).

Мемлекеттік корпорация арқылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі («Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»).

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік қызметтерді білім беру ұйымының электронды поштасы немесе WhatsApp, Telegram арқылы көрсету қажет. Құжаттар қағаз түрінде ұсынылмайды.

Осыған байланысты түсіндіру шараларын өткізу керек және тұрғындарға WhatsApp-тың, Telegram-ның көмегімен, білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметті (стандарттар, өтініш үлгілері, құжаттар тізімі, жауапты тұлғалардың байланыс телефондары) алу бойынша ресми интернет-ресурстарында қашықтан қызмет көрсету режімінде хабардар ету керек.

 

 

Басшының м.а.       қолы, мөрі бар      Г. Уразбаева