Жаңалықтар
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруін өткізіп, оған біздің мектептің тәрбиеленушілері де қатысты.
20 мамырда №1 БММ есеп беру концерттерін фортепиано бөлімінің оқушылары мен оқытушылары жалғастырды. Сахнаға көтерілген түрлі сыныптың оқушылары концертті көруге келгендерге өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті.
Т.В.Егорованың сыныбындағы оқушылардың шығармашылық есеп беруі жыл сайын өткізіледі және мектептің бұлжымас дәстүріне айналған.
2019 жылдың 18-мамырында қазақ халық аспаптары бөлімінің есеп беру концерті өтті. Бағдарламада халық музыкасы, әлем классикасы және қазіргі кезең музыкалық туындылары орындалды.
Белгібаева Арайлым Жұмағалиқызының сынып концерті жоғары деңгейде өтті.
20.05. "Музыка нас связала" тақырыбымен фортепиано бөлімінің 6-сынып оқушыларының концерті өтті. Концерт. Қыздар 1-ші сыныптан бастап бірге оқиды, жақсы араласады және байқауларда өнер көрсетуге бірге шығып жүреді.














