Ата-аналарға арналған жаднама
«Жаңа жылдық мерекелер мен демалыстардағы балалардың қауіпсіздігі»
Құрметті ата-аналар!
Жаңа жыл мен Рождество – көптен күткен, жұрттың жақсы көретін мерекелері. Жасыл шыршаның жанындағы ойындар, көңіл көтерулер балалардың жадында ұзақ уақыт сақталады. Біз шын жүректен олар қуанышты болады деп үміттенеміз. Бірақ дәл осы мереке күндері үйде, серуенде және қонақта сіз күтпеген қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды. Оларды болдырмау немесе тәуекелді мейлінше азайту үшін келесі ережелерді қолданыңыздар:
- Естеріңізде болсын – пиротехника балаларға арналған ойыншық емес!
Жаңа жылдық мерекелерде жыл сайын отшашудан механикалық жарақат алатын және денелерін күйдіріп алатын адамдар саны жеткілікті және олардың басым бөлігі балалар болып келетіні де белгілі. Балаларға пиротехниканы өз бетінше пайдалануға, сондай-ақ сіріңкемен және оттықтармен ойнауға рұқсат бермеңіздер.
- Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері.
Жаңа жылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігінің әдеттегі ережелерінен басқа, демалыс күндерінен тек жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік беретін бірнеше қарапайым қағидаларды сақтау керек:
- Шыршаны мата және пластикалық ойыншықтармен безендірмеңіздер.
- Шыршаның тұғырын мақтамен жаппаңыздар.
- Шыршаны тек өнеркәсіптік электр гирляндаларымен жарықтандыру керек.
- Үй-жайда бенгал оттарын жағуға, шартылдақтар мен балауыз шырақтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Естеріңізде болсын, ашық от әрқашан қауіпті!
- Егер пиротехниканы қалай пайдалану керектігін білмесеңіздер, ал нұсқаулық қоса берілмесе немесе ол түсініксіз тілде жазылса, оны пайдаланбау керек.
- Жанбаған немесе атылмаған пиротехниканы жөндеуге және екінші рет пайдалануға болмайды.
- Қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды қолдануға қатаң тыйым салынады.
Келесілерге тыйым салынады:
- тұрғын үйлерге және тез тұтанатын заттарға 30 метрден жақын жерде, аласа қалқалар мен ағаштардың астында пиротехника жандыру немесе ату;
- пиротехниканы қалтаға салып жүру;
- тұтату кезінде білтені бетке жақын ұстау;
- пиротехниканы қатты жел кезінде пайдалану;
- зымырандар мен отшашуларды адамдарға бағыттау;
- петардаларды аяқ астына лақтыру;
- тұтатылған отшашулардың үстінен үңіліп қарау;
- жағылған пиротехникалық бұйымдарға 15 метрден жақын болу.
50 метр радиуста өрт қауіпті нысандар болмауы тиіс.
Тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстардың жанында жоғарыға ұшатын бұйымдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады: олардың ұшу траекториясын болжау мүмкін емес, олар үйге, шатырға немесе төбеге түсіп, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Пәтерлер мен жеке үйлерде Жаңа жылды тойлау кезінде бенгал шамдарын жағу, жарылатын шартылдақтарды пайдалану, шыршалардың үстінде шырақтар жағу, оларды тез тұтанатын материалдардан жасалған ойыншықтармен безендіру ұсынылмайды. Қосулы тұрған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыздар.
- Аязды күндері балаларға көшеде ұзақ жүруге рұқсат бермеңіздер!
Төмен температура қауіпті болуы мүмкін.
Мұрын, құлақ, қол және аяқтар оның әсеріне өте сезімтал, әсіресе әдетте жұқа қолғап киетіндіктен және жүректен алыс орналасқандықтан қан айналымы төмен болатындықтан саусақтар тез үсігіш келеді. Төмен температураның ұзақ әсерінен денеде үсік пайда болуы мүмкін.
- Балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар!
Сіріңкелер мен оттықтарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химикаттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар. Балаларға өз беттерінше газ және электр құрылғыларын қолдануға, пештегі отынды тұтатуға рұқсат бермеңіздер. Өрт болған жағдайда не істеу керектігін міндетті түрде айтып беріңіздер. Балаларға өрт кезінде ешбір жағдайда оқшау жерлерге (шкафтарға, төсек астына) тығылуға болмайтынын ескертіңіздер, себебі бұл оларды іздеу мен құтқаруды қиындатады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!
! Балалардың қауіпсіздігі – олардың ата-аналарының қолында.
! Әр бала өз үйінің мекенжайы мен үй телефонының нөмірін білуі керек.
! Балалар «112» нөмірін – шұғыл жедел қызметті шақыру телефонын жатқа білуі тиіс.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1036-ata-analar-a-arnal-an-zhadnama-zha-a-zhyldy-merekeler-men-demalystarda-y-balalardy-auipsizdigi.html#sigFreeId0ccdd12099