Педагогтар демалысты пайдалы өткізді

 

Діни экстремизм мен терроризм қазіргі таңда адамзатқа төнген басты қауіп-қатердің біріне айналды. Дінді бетперде ретінде пайдаланатын көптеген діни және экстремистік ұйымдардың басты мақсаты билік, табиғи ресурстар үшін күрес болып табылады.

Әлемдік пандемия осы бірлестіктердің ақпараттық іс-әрекеттерін едәуір арттырды. Материалдарды жасырын немесе жалған беттер арқылы орналастыру және әлемнің кез келген жерінде  тарату мүмкіндігі әлеуметтік желі мен интернет ресурстарын қоғамдық сананы алдап-арбау, әлем елдеріндегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін неғұрлым тиімді және қолжетімді құралға айналдырды.

 Демек, мемлекеттің қауіпсіздігі оның шекараларының қол сұғылмаушылығын сақтауды ғана білдірмейді, сонымен бірге оның адамгершілік аумағының да қорғалуын көздейді.

Бұл туралы «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ «ҚР жалған діни ағымдар» тақырыбымен музыка мектебінің оқытушыларына арнап ұйымдастырған дәрісте айтылды.

 06 қарашада педагогтар ұжымы философия оқытушысы, доцент, А. Байтұрсынов ат. Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Әлшанова Бағытжан Хамитқызының қашықтан ұйымдастырылған әңгімесін қызығушылықпен тыңдады.  

Дәріскер Қазақстандағы жалған діни ағымдар жұмысының ерекшеліктерін айтып берді, Қостанайды мысалға келтіре отырып, мұндай бірлестіктердің біздің қаламызда да бар екенін, олардың қасымызда жүргенін,  өздерінің бүлікшіл әрекеттерін жүйелі және білдірмей жүргізіп жатқанын жеткізді. Айтылатын ақпаратқа қырағы болудың және сын көзбен қараудың, ресми және беделді дереккөздерді пайдаланудың, үгітшілердің айла-амалдарына бой алдырмаудың қажеттігін түсіндірді.  

Нақты мысалдар келтіре отырып қызықты және түсінікті тілде айтылған әңгіме тыңдаушылардың көңілінен шығып, олардың ризашылықтарын тудырды.

  Мұндай іс-шаралардың қажет және тиімді екені талас тудырмайды. Мемлекеттің осы бағыттағы күш-жігері оң нәтиже беретініне және Қазақстан қандай дінді ұстанатынына және этномәдени қауымдастыққа жататынына қарамастан барлық қазақстандықтар үшін әрқашан бірлік пен келісімнің аумағы болып қала беретініне сенім зор.

 

 

                                                                                                           Г. Кучикова,

музыка мектебінің директоры