№1 Қостанай балалар музыка мектебінде
Жас музыканттардың 54-ші облыстық фестиваль-байқауы өтті
Бах, Шопен, Моцарт, Рахманинов… №1 Қостанай балалар музыка мектебінде өткен Жас музыканттардың 54-ші облыстық фестиваль-байқауында осы және басқа да әлемге әйгілі композиторлардың шығармалары орындалды.
Фестивальдың бағдарламасына фортепиано бөлімінің 16 жеке орындаушысы мен жеті хор ұжымының өнер көрсетуі енгізілді. Алайда ауа-райының жағдайына байланысты хор ұжымының қатысу уақытын өзгертуге тура келді. Байқау «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының, «Тәрбие және білім» жобасының аясында өтіп жатыр және дарынды балалардың жолын ашуға, таланттардың өздерін көрсете білулеріне және шеберліктің шыңына жетулеріне көмектесуге бағытталған.
Үш жас (жоғары, орта және кіші) тобындағы жас пианиношылар ұлы композиторлардың жүрегінен шыққан жырларымен жиналғандарды әдемі әуеннің әлеміне алып кету үшін рояльға отырды. Барлық балалардың сахнаға толқып шығатыны даусыз, алайда саусақтары күйсандықтың клавиштеріне тиісімен қорқыныш пен сенімсіздік естен шығады, бар болмысын музыка баурап алады, шабытын шақырып, жан дүниесімен музыка әлеміне еніп кетеді.
Қостанай қ. музыка мектебінің тәрбиеленушілері өздерінің шеберліктерін тамаша көрсете білді, нәтижесінде алты қатысушы байқаудың лауреаты атанды және музыкалық жарыстың келесі республикалық кезеңіне өтті. Жас музыканттардың фестиваль-байқауының қорытындысы бойынша пианиношылардың жеке орындаушыларының арасындағы Гран-при Батыржан Танкеев (оқытушысы Варюхина В.А.) пен Аружан Утарбаеваға (оқытушысы Кучикова Г.Б.) бұйырды.
Кіші топта 2-ші орын алған Анастасия Бексултанова (оқытушысы Кужахметова Г.Б.) фортепиано сыныбы бойынша фестивальдың лауреаты болды.
Орта топта 1-ші орынды Зарина Оспанова (оқытушысы Варюхина В.А.) бағындырды.
Жоғары топта орындар келесідей болды: 1-ші орынды Дарья Лапухович (оқытушысы Судакова О.Г.), 2-ші орынды Дильназ Сабит (оқытушысы Круковская Г.В.) иеленді.
Бұл байқаудың үздік пианиношылары енді облысымыздың атынан республикалық фестивальда өнер көрсететін болады. Наурыз айында Анастасия Бексултанова, Батыржан Танкеев, Аружан Утарбаева, Зарина Оспанова, Дарья Лапухович және Дильназ Сабит Қарағандыға аттанады.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/336-zhas-muzykanttardy-54-shi-oblysty-festival-baj-auy-tti.html#sigFreeId5e9783a878