Тәрбиеленушілер күш жинап, демалыста өз бетінше орындау шеберлігін шыңдап жатқанда, музыка мектебінің мұғалімдері уақытты босқа өткізбей, өздерінің кәсіби біліктілік деңгейлерін жетілдіруді қолға алды. Бұл орайда компьютерлік технологиялардың мүмкіндігі мол және шығармашылық ізденістің шекарасын кеңейте түсетінін айта кеткен жөн.
2020 жылдың 09 қарашасында Қостанай қ. №1 Балалар музыка мектебінің қабырғасында профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің (Нұр-Сұлтан қ.) скрипка кафедрасының профессоры Қармысова Акбөпе Қамалқызының қатысуымен семинар өтті.
Профессор оркестр бөлімнің тікелей және қашықтан қатысып отырған педагогтары үшін түрлі орындаушылық байқауларға қатысуға дайындалып жатқан музыка мектебінің үздік тәрбиеленушілерімен шеберлік сабақтарын өткізді, жұмыстың қыр-сырымен, практикалық ұсыныстарымен, орындауды жетілдірудің әдістерімен және тәсілдерімен бөлісті, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.
Жас, бірақ атағы шығып үлгерген скрипкашылар – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Илья мен Нина Мызиндер, Әйгерім Танкеева шебердің бағалы кеңестері мен тілектерін алды, бұдан әрі қалай жұмыс істеу керектігі туралы кеңес алды, орындаудың стилистикалық тәсілдерін білді, аспапта ойнау барысында жіберген кемшіліктерін түсінді, соның арқасында туындылар барынша мәнерлі және сапалы орындалды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Мұғалімдер мен оқушылар тарапынан шынайы алғыс сөздер айтылып, осындай кездесулерді дәстүрге айналдыру, оқу орнымен және ҚазҰӨУ оқытушыларымен тығыз байланыс орнату, бірлескен шығармашылық жобаларды ұйымдастыру туралы тілек білдірді.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/1007-pedago86gtar-demalysty-pajdaly-tkizdi-2.html#sigFreeIdf28167b4f7