Құрметті ұстаздар, ата-аналap! Қымбатты балалар!!

Бүгінгі қиын кезеңде өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарап, тек білім беру ұйымдарында ғана емес, үйде, көшеде, қоғамдық көлікте және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық қызметтердің барлық талаптарын сақтауымыз керек. Көбіне ересектер белгілі бір жағдайларға байланысты, балаларға жұқтыруға себеп болады. Ал ересектер үшін ең маңызды міндет - балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау.

Оқу жылының басынан бастап қаланың білім беру кеңістігінде біздің ең кішкентай деген бастауыш сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларымыз үшін кезекші топтардың жұмыс істеуі ұйымдастырылды. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар, қалалық білім бөлімі барлық шараларды жасады. Білім беру ұйымдарымен бөлінген қаражатқа дезинфекциялық кілемшелер, байланыссыз термометрлер, санитайзерлер, рециркуляторлар, бактерицидті шамдар және т.б. сатып алынды.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар!  Бүгінде өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарау өте маңызды. Ол үшін  бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек, соның ішінде маска кию, қолды дизенфекциялау құралдарымен жуу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. Біздің денсаулығымыз - өзіміздің қолымызда!