АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
БАЛАЛАР СЕКЦИЯЛАРЫ МЕН ҮЙІРМЕЛЕРІНІҢ ҚҰНЫ БОЙЫНША САУАЛНАМА
ПРОФИЛЬДЕГІ САУАЛНАМАҒА СІЛТЕМЕ
Достар, 5-10 минут уақыттарыңызды бөліп, төмендегі сілтеме бойынша шағын сауалнамаға қатысу арқылы бізге тарифтермен жұмыс істеуге көмектесіңіздер:
https://bala-ombudsman.kz/vote/
Сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды!
2020 жылдың соңында Президент Қ.К.Тоқаев жергілікті әкімдіктердің бюджеттерінен мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстар арқылы балаларды спорт секцияларымен және өнер үйірмелерімен қамтуға бағытталған заңға қол қойды. Қазіргі уақытта НҚА /нормативтік құқықтық актілер/ және мемлекеттік тапсырыс ережелері, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен балалардың сабақтарын қаржыландыру жүзеге асырылатын ТАРИФТЕР әзірленуде.
Сауалнамаға БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ата-аналары неғұрлым көп қатысса, балаларға көрсетілетін қызметтерге тарифтерді дұрыс анықтау және мемлекеттік тапсырысты жоспарлау үшін бюджеттерді есептеу соғұрлым оңай болады.
Әлеуметтік желілерде сауалнамаға сілтемелермен бөлісуді, достарыңыз бен таныстарыңызды – балалардың ата-аналарын тартуды сұраймыз. Секциялар мен үйірмелердің басшыларын, мұғалімдерді сыныптарыңыздағы, секцияларыңыз бен үйірмелеріңіздегі балалардың ата-аналары арасында таратуды СҰРАЙМЫЗ!
Бұқаралық ақпарат құралдарынан осы үндеуге қолдау көрсетуді және жариялауды сұраймыз.
Қысқаша анықтама:
2020 жылдың 30 желтоқсанында мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №395-VI ҚРЗ Заңына қол қойды.
Оған сәйкес, ҚР «Мәдениет туралы» және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдары «мемлекеттік шығармашылық тапсырыс» (МШТ) және «мемлекеттік спорттық тапсырыс» (МСТ) ұғымдарымен толықтырылған, сонымен қатар бұл қызметтерді жеткізушілер әр түрлі меншік нысанындағы, ведомстволық бағыныстағы, үлгідегі және түрдері ұйымдар болуы мүмкін.
Қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінің шамаларына келетін болсақ, сабақтарға арналған жеке алаңдардың болуы – бір нәрсе, оларды жалға алу – басқа нәрсе (жалға алу құны түрлі аймақтарда, қалада және ауылда, тіпті бір қаланың ішінде әртүрлі болады), тарифке сабақтардың сандық құрамы мен техникалық жабдықталуы, педагогтар мен жаттықтырушылардың біліктілігі, көшпелі іс-шаралардың қажеттілігі, инклюзивті бағдарламалардың болуы және тағы басқалар әсер етуі мүмкін.